–Сондақалған аурулар, мәселен, қант диабеті мен гепатиттің маңызы төмен бе? –Жоқ, олай емес. Аталған сырқаттар динамикалық бақылауға алынатын тізімге енгізіледі. Бірақ бұл олар барлық жеңілдіктен қағылады деген сөз емес. Мысалы, ешқандай ауруханаға жатқызбай-ақ, емханадағы учаскелік дәрігердің көмегімен бақылауға болатын аурулар болады. Пациент салауатты өмір сүрсе, дәрігердің айтқанын орындап, дәрісін дер кезінде ішіп жүрсе, ауруын асқындырмай, толыққанды өмір сүруіне әбден болады. Яғни науқас өз жағдайын өзі бақылауда ұстай алады. Негізінен, артериалды гипертензия, бронхиалды астма, қант диабеті сынды созылмалы аурулар динамикалық бақылауға алынады. Әлеуметтік маңызы бар сырқаттар тізімі қысқарғаннан кейін адамдар медициналық көмек пен тегін дәрі-дәрмектен құр қалады деген үрейдің еш негізі жоқ. Азаматтар тегін көмекті бұрынғыша ала береді. Тегін берілетін дәрі-дәрмек №666 бұйрық арқылы реттеледі. Онда тек әлеуметтік ауруларға шалдыққан науқастарға ғана берілетін препараттардың ғана емес, түрлі сырқаттарға бөлінетін дәрілер тізімі көрсетілген.