Модуль 2 Қоғам, тұлға және әлеуметтік өзгерістер Тақырып 11. Денсаулық және медицина


–Былайша айтсақ, мұны қаржы үнемдеу деген дұрыс емес қой?



бет7/11
Дата06.01.2022
өлшемі19,34 Kb.
#15793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Былайша айтсақ, мұны қаржы үнемдеу деген дұрыс емес қой?..–Жалпы, тегін медициналық көмек пакетіне бөлінетін қаржы көлемі қысқармайды. Сондықтан министрлік шығынды қысқартқысы келеді деуге болмайды. Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі өзіне жүктелген міндеттерді толық орындай алмай отыр. Мұның ең бірінші себебі – қаржы тапшылығы. Соңғы деректерге қарағанда, былтыр қазақстандықтардың медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсаған жеке шығындары 678 миллиард теңгеге жеткен. Былайша айтқанда, 18 миллион қазақстандықтың әрқайсысы жыл сайын 36 мың теңгені өз қолымен емдеу мекемелерінде қалдырады деген сөз. Жұртшылықтың қалтасынан шығатын шығындардың жартысына жуығы кепілдендірілген тегін көмек пакетіне (ТМККК) енген медициналық қызмет түрлерін жеке клиникалардан сатып жұмсалады. Болашақта медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін бұл цифр қысқарады деген болжам бар. Десе де, оның қаншалықты қысқаратынын дөп басып айту қиын, әрине. Бірақ біз қазір қаржы жетпей жатқан медициналық қызмет түрлерін сатып алуға ден қоймақпыз.Сөз орайы келгенде, ТМККК пакетінің жаңа үлгісінің бір артықшылығын айта кеткім келеді. Қолданыстағы заңда 2020 жылдан бастап емханалар сақтандырылмаған азаматтарды тек әлеуметтік аурулары болған жағдайда ғана қабылдайды деп жазылған. Мысалы, азамат жөтеліп бастады делік. Ол бронхитқа шалдыққанын, әлде туберкулез жұқтырғанын, не болмаса жүрегінде ақау барын білмейді. Сақтандыру жарнасын төлемесе, емханаға да қарала алмайды. Өйткені оған әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдықты деген диагноз қойылмаған. Ол тек жөтелі асқынып, қанды қақырық түсе бастаған кезде ғана жедел жәрдеммен ауруханаға жата алады. Міне, біз осыны болдырмау үшін емхана деңгейіндегі бастапқы медициналық көмекті статусына қарамастан, елдің бәріне көрсетуді ұсынып отырмыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет