–Олай болса, бастапқыда ұсынылған өтпелі кезеңнің қажеттігі жоқ қой?–Жоқ. Адамдардың артынан жүгіріп, «жарна төлемесең, емханаға бас сұға алмайсың» деп түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.–Жұртшылықтың сақтандыру жарнасын төлемеу қаупі күшейіп кетпей ме? –Әлбетте, сақтандыру жарнасын төлеу қажет. Өйткені сақтандыру пакетінде сапасы мен деңгейі жағынан өзгеше қызметтер көрсетіледі. Оған бағасы қымбат болып келетін диагностикалық қызметтер, қазір қаржы тапшылығынан көрсетілмей жатқан оңалту сынды ТМККК пакетіне енбеген қызметтер кіреді.