Модуль 2 Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер пәні бойынша сұрақтар тізімі


Оқытушының жаңа технология көмегімен шешетін мәселелері қандай?



бет12/18
Дата08.06.2023
өлшемі75,16 Kb.
#99594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
19. Оқытушының жаңа технология көмегімен шешетін мәселелері қандай?
Барлық баланы оқыту;

    • Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

    • Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

    • Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа алдым.Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.Ол бұрын тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
20. Жаңартылған оқыту бағдарламасы негізінде алынатын нәтижелерді айтыңыз.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйіндіі дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуге бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына жаңартылған білім беру бағдарламасында көрсетілген.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зертеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау.АКТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және тиімді жүзеге асыру үшінқа жетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана білу.
21.Жаңа технология қолдану арқылы алынатын нәтижелердің теориялық негізі туралы не айтасыз?
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
-Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды,
-Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
-Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет