Модуль 2 Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер пәні бойынша сұрақтар тізімі


Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысын негіздеп беріңіз



бет15/18
Дата08.06.2023
өлшемі75,16 Kb.
#99594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жаңартылған білім беру дайын

25. Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысын негіздеп беріңіз.
Шет тілін оқыту дегеніміз – оқушыларда, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.
Пән аралық байланыс 2 бағытта іске асырылады.

  1. Шет тілінің орыс тілі және қазақ тілі грамматикасымен ұқсас жақтары және айырмашылықтары түсіндіріледі.

  2. Оқушыларға тарихқа, жағрафияға, әдебиетке, еңбеккке қатысты мағлұматтары бар мәтіндер ағылшын тілінде беріліп оқытылады.

Пәндердің бір-бірімен байланысы төмендегідей ағылшын тілі, ағылшын әдебиеті пәні мен мәтіндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткізілетін көркем тілмен жазылған оқу материалдары (әңгіме, ертегі, мақал-мәтел т.б.) оқушының лексикалық сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіреді, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады.

Ағылшын тілі мен дүниетану пәндері арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсімдіктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектері, мамандық, халықтар достығы туралы әңгімелер, ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш ағылшын тілінде оқылып, түсінбегендерін ағылшынша айтатын болады.


Ағылшын тілі мен математика пәні бойынша математикалық ұғымдар мен есептеуге байланысты сөздерді үйрету арқылы оқушының сөздік қоры молаяды. Мысалы: сандарды ағылшынша білу, қосу, көбейту, алу сан есімнің түрлеріне байланысты сөз тіркестерін, сөйлемдерді ағылшынша айтып дағдыланады.
Ағылшын тілі мен бейнелеу өнері арасындағы байланыс арқылы табиғат, ұлттық өнер бояулары, өрнек, сәндік бұйымдарын айтуға қолданылатын сөз және сөз тіркестері оқушының сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Әсіресе, көп көңіл бөлетін жайт – ағылшын тілінде айтылатын сөдерге екпінді дұрыс түсіріп айту, адамдардың көңіл күйін, қуанышын, ренішін білдіретін сөздерді дұрыс дауыс ырғағымен айта білу.
26. Әдістеменің педагогика, психология, лингвистка секілді ғылымдарымен байланысы бар ма? Атап өтіңіз.
Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистка ғылымдарымен тығыз байланысты. 
Педагогика – жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағида болып табылады. Шет тілін оқытуды үйрену үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогиканың бір саласы дидактика деп аталады. Дидактика мектепте оқытудың негізгі жолдарын зерттейді.
Шет тілін оқытуда психологяиның негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.
Көрнекті психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетін зерттейә келіп, сөздер мен оларды мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатының айтты. Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз – жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады.
Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кездеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.
Әдістеме ғылымы линвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебі лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматика мен сөздік т.б. әдістемеге де қатысты бар.
Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктеудегі зерттеулері негізге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қана қоймай, оларды тілді оқытуда қалай пайдалану керек екендігін де зерттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет