Модуль 2 Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер пәні бойынша сұрақтар тізімі


Психологиялық-педагогикалық ғылым жетiстiктерiнiң практикасына дейiн жеткiзудiң проблемасы қандай?



бет14/18
Дата08.06.2023
өлшемі75,16 Kb.
#99594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жаңартылған білім беру дайын

23. Психологиялық-педагогикалық ғылым жетiстiктерiнiң практикасына дейiн жеткiзудiң проблемасы қандай?
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген мағына. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Инновациялық процес – білім беру процесіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет.
Инновациялық білім процесінің негізінде екі маңызды педагогикалықпроблема жатыр:
1. Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы.
2. Психологиялық – педагогикалық ғылым жетістіктерінің практикасына дейін жеткізудің проблемасы.
Педагогикалық қызметтегі инновациялық проблемалардың шешімін табуды іздестіру білім беру саласындағы инновациялық процестердің ағымы ерекшеліктері мен зерттеудің маңыздылығының, құрылымының, жіктелуінің нәтижелеріне ие талдаулармен тығыз байланысты.
Педагогикалық процесте инновацияны енгізу мақсатқа, мазмұнға, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдеріне, мұғалім мен оқушының қазіргі қызметін ұйымдастыруға жаңалықтар кірістіруде. Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің маңыздылығын түсіну екі маңызды педагогика мәселелерініңалдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді тарату мен қорыту, зерделеу мәселелері, сонымен қатар тәжірибелік қызметке педагогикалық, психологиялық ғылымдарының жетістіктерін енгізу мәселесі. Бұндай бейнеде инноватика пәні инновациялық процестердің мазмұны мен механизмдері өзара тығыз байланысты құрылымды, педагогикалық тәжірибелерді қорыту және оларды тарату соңғы мақсаты массалық практикада жаңаны, алдыңғы қатарлы істерді енгізудің объективті өзара байланысуын ұсынады. Демек, инновациялық процестердің нәтижесі біртұтас педагогикалық процесте теориялық және практикалық жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
24. Ағылшын тілін оқытудың әдістері мен тәсілдеріне тоқталыңыз.
Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
1 Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.
2 Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктеріменбайланысты болуы керек.
3 Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.
4 Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;
5 Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;
6 Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану қажет.
Ағылшын тілін оқыту әдістері мыналар: Логикалық ойлау; Грамматикалық-аударма әдісі; Сатылау; Тізбектеу әдісі; Үнсіздік әдісі;Физикалық сезіну әдісі; Рольдік ойындар;Мәдени қарым-қатынас; Жобалау ідісі; Проблемалық оқытуәдісі;Анализдеу;Миға шабуыл;Пікір алматыру; Интерактивті әдістер; Коммуникативтік, көру,есту, кинестикалық, Витагендік әдіс, Ойға шолу, Аудиолингвистикалық әдіс; Келесі әдіс;Түсіндіру; Көрнекілік әдісі; Практикалық әдіс және ақпараттық-коммукативтік технология әдісі.Бұл оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Осы ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Себебі пайда болған әрбір жаңа әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Оқытушының сабақ барысында қай әдісті таңдауы салыстырмалы сипаттауда аса маңызды. Себебі әдістердің түрлері сан алуан және де бұл әдістердің өзгешеліктерін білмей отырып оны таңдау мен қолдану қиынға соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет