Модуль 2 Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер пәні бойынша сұрақтар тізімі


Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт құндылықтарын атаңыз



бет17/18
Дата08.06.2023
өлшемі75,16 Kb.
#99594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жаңартылған білім беру дайын

29. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт құндылықтарын атаңыз.
Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық
Түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады.
Білім беру тандартында құндылықтар тізіміндегі бағдарлар ретінде – қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы білім алу қарастырылған.
Бұл мемлекеттік жалпыға білім беру мақсатныда
Жауапкершілігі мол, белсенді азаматтық ұстанымы бар, өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарайтын және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылатын халық көзделеді. Мәдениеттер мен көзқарастардың әр алуандығына құрметпен қарайтын, шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлайтын, қарым-қатынасқа ашық және ықыласты, әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін және қамқор,өмір бойы білім алуға және
Өзін-өзі жетілдіруге дайын көзделеді.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Тәуелсіз мемлекетіміздің білім бері жүйесі мынандай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағыттылған;
1.Ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дамытуды көздеген қарқынды өзгерістер орын алып отыр. Білім беру деңгейі – мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Осыған орай ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік коғамдастыққа кіру жағдайында білім беру жүйесін жаңғырту ең маңызды қадам болып саналады.
2.Әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу
Әлемде болып жатқан өзгермелі жағдайлар білім беру жүйесіне де әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Елімізде жүргізіліп жатқан білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Білім — қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі — адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту.
Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр.
Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
Білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
Ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің руханибаюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
Мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
Қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет