Модуль 2 Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер пәні бойынша сұрақтар тізімі


Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация?



бет16/18
Дата08.06.2023
өлшемі75,16 Kb.
#99594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жаңартылған білім беру дайын

27. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация?
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шет ел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” – деген тұжырымдама берді. Оның 3 түрі бар. Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
28. Жаңартылған білім беру жүйесінің пайдасы қандай тұжырымдаңыз.
Жаңартылған білім беру — сапалы білім алуға негізделген, білім алушыларды заманауи үлгіде оқытудың жүйесі. Бұл жүйе негізінен жаңа технологияларды білім жүйесінде қолдана отырып, сапалы білім беруге бағытталған. Жаңартылған білім беру жүйесінің мақсаты — сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын, эксперименттер жүргізу, ақпараттық технологияларды пайданалу, жеке, жұптық, топтық қарым-қатынас құру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және пайдалану, оларды тиімді іске асыру, білім алушының жеке басы үшін үйлесімді және қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.
Жаңартылған білім берудің тиімділігіне тоқталар болсақ, білім алушылар үшін:

    • Білім алушылардың ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру;

    • Шығармашылық қабілеттерін дамыту және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты саралап, жүйелеуді үйрену;

    • Білім алушылардың дарындылық қабілеттерін шыңдау және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, білім алушылардың өз бетімен ізденуі;

    • Сыни ойлауға және өз ойын еркін әрі ашық айтуға баулу;

    • Танымдық қабілеттерін және ойлау деңгейін дамытатын түрлі оқытудың әдістерін пайдалану, білім алуға деген қызығушылықты арттыру;

    • Қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдануды жоғары дәрежеде үйрену.

Мұғалімдер үшін жаңартылған білім берудің тиімділігі төмендегідей олар:

    • Сапалы білім беру үшін жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, тақырыпты өзекті түсіндіру;

    • Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әртүрлі формаларын қолдану;

    • Қашықтықтан білім беру жүйесіндегі технологияларды меңгеру;

    • Сабақ берудегі білім сапасын арттыруға, тақырыптың мақсатын, міндетін жіті түсіну, бағалаудың әртүрлі әдістерін қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет