15. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігін айтыңыз. Инновациялық іс-әрекет дегеніміз- мұғалімнің жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үрдісіне өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дәрежесінде байланысты енгізуін айтамыз.
Инновациялық іс-әрекет жүзеге асыру іс-әрекетінің реті-жаңа білім беру бағдарламаларынан, әдіс-тәсілдерімен танысып, талдау;
* оларды өз жұмысында қолдану туралы шешім қабылдау;
*жаңашыл әдіс-тәсілдерді өз еңбегінде қолдану мақсаттарын белгілеу; *эксперименталды жұмыстың кезендерін жоспарлау;
*болашақ қиыншылықтарды болжау;
*жаңашыл әдіс-тәсілдерді, идеяларды педагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс-әрекеттің нәтижесін қорытыңдылап, бағалау, талдау.
Мұғалімнің инновациялық іс- әрекеттінің диагностикасында ескерілетін бірнеше ережелер қатары бар:
1. Өз қызыметін және әріптестерінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді талаптар бойынша жан- жақты бағалауға үйрету.
2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрету маңызды.
3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және басқаға талап қоя білуге үйрету.
4. Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалауға белгілеріне сүйеніп, педагогикалық қызметті сараптау бағалауға тарту.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.
Шынында бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
16. Мектеп жұмысын ұйымдастыру бойынша ағылшын тілі сабағындағы тиімді инновациялық технологиялар. Шетел тілін жаңаща оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Ұстаздардардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі оқушылардың шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады. Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады. Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, ұстаздарға дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т.б.
Мұғалімдердің біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда ұстаздар да, оқушыларда да таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация — дегеніміз тек қана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісінде қолдана білу.
Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:
электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web
серверге жеке шығару;
ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).