13. Құрастырылған (конструктивтік) білім» жүйесін талдаңыз. Т.Лешкевичтің жүйелеуінде келтірілген білімнің сан алуан түрлерін де сайып келгенде екіге бөлуге болатын сияқты: репродуктивтік және жүйелі білім
Құрастырылған (конструктивтік) білім іздену, тану және ой-толғау секілді үйренушілердің өзіндік белсенді әрекеттері негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды «игеру» сөзінің шын мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады, оларды әрекеттер арқылы зерттейді.
Құрастырылған білім:
-Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы
-Еркін түрде әрекеттесу
-Тәжірибе арқылы үйрену-
-Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктілікпен дағдыларды игеру
-Бүгінгі күннің мүмкіншіліктерін мейлінше пайдалану
-Әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасы
14. Дәстүрлі (репродуктивтік) білім» жүйесін талдаңыз. Сонымен репродуктивтік білім біреудің тасымалдаған (берген) ақпаратын бәлсенді (пассив), ырықсыз түрде қабылдау дегенді білдіреді. Мұндай білім үйренушілердің мұқтаждары мен мүдделерін ескермейді, олардың бұрынғы білімдерімен байланыс орнатпайды. Үйренушілер бұл білімді сіңіргенде ешқандай ізденуші немесе зерттеу жұмыстарын атқармайды, оның қажеттілігі туралы ойланбайды, тек сырттан берілген ақпаратты механикалық түрде ғана есте сақтауға тырысады. Күнделікті өмірмен байланыспаған мұндай білімнің қажеттілігі шамалы болады, өйткені үйренушілер оларды өз өмірінде қалайша қолданатындығын білмейді. Репродуктивтік білім оқушының тұлғасына бағытталмай, оқу жоспарларын оқытудың негізі деп түсінетіндіктен, оны «бағдарламацентристік» оқыту деп атауға тұрарлық
Дәстүрлі білім:
- Жоғарғы жақтан күштеу
- Еркіндікке жол бермейтін тәртіп
- Кітаптар бойынша үйрену
- Қайталау арқылы жүйеленбеген (арасында байланысы жоқ) біліктер мен дағдыларды қалыптастыру
- Бұлыңғыр болашаққа дайындау
- Статикалық (өзгерістерге ұшырамайтын) мақсаттар мен материалдар