Тапсырма 8 Цех құрылысы үшін кәсіпорын жер телімін сатып алады. Жерде құны 18 000 000 теңге ғимарат бар. Сату-сатып алу келісімшартында жерді сату бағасы 116 800 000 теңгені құрайтыны көрсетілген.
Бұл жер телімін табу үшін, қызмет көрсеткеніне 72 000 теңге төленген алып-сатарлар тартылды. Жерді сату-сатып алу бойынша құжаттарды заңдастыру үшін заңгер қызметіне жұмсалған шығын 120 000 теңгені құрады. Ескі ғимаратты бұзу үшін 800 000 теңге төленді. Ескі ғимаратты бұзудан алынған құрылыс материалдары 107 500 теңгеге сатылды.
Тапсырма:
«Жер» 2410 дебет шотына қатысты соманы есептеу.
Тапсырма 9 Кәсіпорын теңгерімінде теңгерімдік құны 413 000 теңге құрал-жабдық және жинақталған тозуға 177 000 теңге бар. Кәсіпорын шешті:
Бұл құрал-жабдықты 413 000 теңгеге сатуды;
Бұл құрал-жабдықты 450 000 теңгеге сатуды;
Бұл құрал-жабдықты 400 000 теңгеге сатуды;
Бұл құрал-жабдықты құны 380 000 теңге болатын станокка айырбастауды;
Бұл құрал-жабдықты басқа субъектіге тегін беруді;
Моральды тозуы себепті бұл құрал-жабдықты жоюды.
Тапсырма:
Бұрын есептелген шаруашылық операциялары көрініс тапқан барлық бухгалтерлік тіркеулерді жазып алу. Тіркеуде операция сомасын көрсету.
Тапсырма 10 Кәсіпорын теңгерімінде теңгерім құны 670 000 теңге құрал-жабдықтар бар. Құрал – жабдықтарды 4 жыл пайдалану көзделген. Оның ликвидациялық құны 20 000 теңгеге бағаланған. Белгілі бір кезең ішінде осы құрал-жабдықтармен байланысты келесідей шаруашылық операциялары жүргізілді:
Құрал – жабдықтарды пайдаланудың екінші жылында осы құрал-жабдықтардың өнімділігін жылына 10%-ке көтеретін жаңа толықтырушы бұйымдары үшін жеткізушіге 40 000 теңге төленді.
Үшінші жыл ішінде құрал-жабдыққа қажетті жұмыс жағдайын қолдану үшін жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерге 67 000 теңге төленді.
Төртінші жыл ішінде құрал-жабдықтардың тиімді жұмыс уақытын 4 жылдан 6 жылға дейін созады деген үмітпен жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерге 140 000 теңге төленді.
Тапсырма:
Осы операциялар тіркелген бухгалтерлік жазбаны көрсетіңіз.