Модуль Бухгалтерлік есеп негіздері



бет6/10
Дата16.05.2023
өлшемі33,33 Kb.
#93926
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тапсырма 15
1. ҚЕХС 18 бойынша « Түсім» түсім деп саналады:
a)Компанияның қалыпты қызмет ету барысында тапқан жалпы экономикалық пайдасы, капиталдың өсуіне әсер етеді, акционерлер салымы қосылмайды.
b) Компанияның қалыпты қызмет ету барысында тапқан таза экономикалық пайдасы, капиталдың өсуіне әсер етеді, акционерлер салымы қосылмайды
c) Компанияның қалыпты қызмет ету барысында сатуға жоспарланған активтердің баланстық құны.
d) Дұрыс жауабы жоқ.
2. Төмендегі процестердің қайсысынан түсім түседі?
a) Тауарлар мен қызметтерді сипаты мен мөлшері жағынан ұқсас тауарлар мен қызметтерге айырбастаудан ( сұранысты қанағаттандыру үшін әртүрлі орындардағы қорларды айырбастау).
b) Тауарлар мен қызметтерді сипаты мен мөлшері жағынан өзгеше тауарлармен қызметтерге айырбастаудан.
c) Қаржылық активтер құнының әділ бағасының өзгерісінен.
d) Сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру төлемдерін алудан.
Тапсырма 16
10 сәуір күні сатушының есеп шотына шикізат жеткізу жөніндегі келісімшарт бойынша 112000 теңге келіп түсті, оның ішінде ҚҚС бар. 15-мамыр күні сатушының қоймасынан тауарлар босатылды.
Тапсырма:

  1. Сәуір және мамыр айларындағы көрсетілген операциялар бойынша шоттардың корреспонденциясын жазыңыз.

  2. Аталған операцияның нәтижесі бойынша алынған кіріс сомасын анықтаңыз және келіп түскен күнін атаңыз.

  3. Жауабын шаруашылық операциялары журналы түрінде беріңіз. Құрылыс объектісінің сметалық құны 12 000 000 теңге. Құрылыс жүргізу мерзімі график бойынша 12 ай деп белгіленген. Құрылыс жұмыстарын жүргізудің алғашқы айында 600 000 теңгенің орындалған жұмысы туралы актіге қол қойылды.

Тапсырма:

  1. Құрылыс ұйымының кірісі қай күні есепке алынатынына жауап беріңіз.

  2. Құрылыс ұйымы ҚҚС төлеуші болып табылады. Кіріс сомасы танылған күнгі ҚҚС төлемін анықтаңыз.

  3. Осы шаруашылық операциялар бойынша бухгалтерлік проводкаларды жазып көрсетіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет