Тапсырма 11 1.Қаржылық міндеттер мысалында қызмет етуі мүмкін:
Келісім бойынша міндеттер өзі үшін потенциалды тиімсіз шартта басқа ұйымдармен қаржылық құралдармен алмасу.
Келісім, мұрагерлік бөлігін қолдайтын құқық.
Компанияға тиесілі сейфтегі қаржылық құралдар.
Аталғандардың барлығы дұрыс.
2.Қаржылық міндет пен үлестік құрал арасындағы маңызды айырмашылық не болып табылады?
Эмитент үшін тиімсіз қаржылық міндеттер шартында қаржылық құралдарды басқа қаржы құралдарына айырбастау келісімді міндеттердің бар болуы.
Эмитенттің дивиденттегі анықталған үлестірмелі пайдадан пропорционалды үлесін алуға құқығының бар болуы.
Эмитент үшін тиімді қаржылық міндеттер шартында қаржылық құралдарды басқа қаржы құралдарына айырбастау келісімді міндеттердің бар болуы.
Дұрыс жауабы жоқ.
Тапсырма 12 15 наурыздан компания өткен жылға 550 000 теңге сомасында дивидендтік төлемдер жариялады. Төлем ағымдағы жылдың 25 наурызында жарияланды және жарияланған мерзімде орындалды.
Тапсырма:
Дивидендтік хабарландыру күніне операцияны жазу.
Дивидендтік төлем сәтіне операцияны жазу.
Тапсырма 13 Компания сатушыларға тауарларды бөлшектеп сатудан алынған түсімнен мөлшері 5% комиссиялық ақша төлейді. Тамызда кезекті түсім 1 220 000 теңгені құрады. Комиссиондық есептеледі және алдағы айда төленеді.
Тапсырма:
Комиссиондық есептеу операциясын көрсету. Комиссиондық соманын есебін жасау.
Тапсырма 14 Демалыс графигі бойынша 2015 жылы жұмысқа келген барлық күннің саны 310 күнтізбелік адам/күді құрады, оның ішінде 50 адам/күн былтырғы жылы пайдаланылмай қалған еңбек демалыстарының күні. 2014 жылы тұрақтты түрде жұмыс істейтіндерге есептелген еңбекақы мен сыйақы мөлшері 8 976 540 теңгені құрады.Еңбек туралы статистикалық есепттің мәліметі бойынша, 2014 жылы атқарылған жалпы жұмыс күндері 2139 адам/күн болды.
Тапсырма:
1) 2015 жылдағы еңбек демалысының төлемақысы мен резервін есептеңіз.
2) Мұны қандай бухгалтерлік проводка арқылы көрсетуге болады? Қызметкерлердің еңбек демалысын есептеудің бухгалтерлік проводкаларын көрсетіңіз.