Тапсырма 19 1.Іскерлік қатысу және бағалау қолдана отырып, «С» компаниясына инвестиция жасау жоніндегі төменде көрсетілген операцияларды бухгалтерлік проводкалар арқылы көрсетіңіз
2. «Инвестициялар» шотының сальдосын анықтаңыз.Алынған тәтижелерді салыстырыңыз.
« С » компаниясының инвестициялау жөніндегі операциялары:
«С» компаниясы «В» «В» компаниясының 1000 акциясын әр акцияны 700 теңгеден сатып алады. Бұл «В» компаниясы шығарған акциялардың 30%;
«В» компаниясы табысын жариялап, дивидедтер есептеді, соның нәтижесінде «С» компаниясы 350 000 теңге дивиденд алатын болды;
«В» компаниясынан « С » компаниясының есеп шотына дивиденд есебіне 350 000 теңге келіп түсті;
«В» компаниясы 3 420 000 теңге таза пайданы көрсетті.
Тапсырма 20 1. Түгендеу жүргізу кезінде материалдық жауапты тұлғаның (МЖТ) қатысуы міндетті ме?
a) Түгендеу комиссиясы мүшелерінің саны 3 және одан да көп адам болмаса, МЖТ қатысуы міндетті емес.
b) Иә, міндетті.
c) Тексеру комиссиясының мүшелеріне қысым жасамау үшін түгендеу кезінде МЖТ қатысуына тыйым салынады.
2. Түгендеу басталар алдында МЖТ қандай мазмұндағы қолхат жазуға міндетті?
a) Барлық кіріс және шығыс құжаттары есепке енгізіліп және тексеру комиссияына ұсынылғаны туралы қолхат.
b) Түгендеу жүргізуге келісім беретіні туралы қолхат.
c) Түгендеу алдында есеп бойынша барлық құжаттар есептілікке қосылғандықтан, ешқандай қолхат беруге міндетті емес.
Тапсырма 21 Аяқ астынан түгендеу жасалған кезде субъекті кассасындағы қолма қол ақша 385740 теңге болды.
Кассирдің есебі бойынша, жұмыс күні басталғанда кассадағы ақша қаражатының қалдығы 195789 теңгеге тең болған.
Түгендеу басталғанға дейін, түгендеу жүргізілген күні төмендгегі ақша қозғалысы орын алған:
Кассадан подочетқа 27300
Кассадан аванс ретінде 15000 теңгеге жалақы төленген
Пайдаланылмаған 5600 теңге подочетқа сома кассаға қайтарылған
Сатып алушы дайын өнім үшін кассаға 152000 теңге төленген.
Тапсырма:
Аяқ астынан жасалған түгендеудің нәтижесін анықтаңыз. Алынған қорытынды бойынша қысқаша түйіндеме жасаңыз.