Бухгалтерлік есеп шоттар бөлімін анықтап, бухгалтерлік баланс құру керек
Тапсырма 26 Шаруашылық операциялар бойынша шоттардың корреспонденциясын және типтерін анықтау
Тапсырма 27 «Жеткізушілер мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық берешек» №3310 шотының мерзім басындағы қалдығы 85 800 теңге
1. Мерзім ішінде жеткізушілерден қысқа мерзімді келісімдер бойынша тауар алынды – 180 000
2. Осы мерзім ішінде ағымдағы банктік шоттан жеткізушінің қысқа мерзімді кредиторлық борышы есебінен ақшалай қаражаттар аударылды - 100 300 теңге
3. Жеткізушіден жабдықтар кіріске алынды – 80 200 теңге
4. Жеткізушіге ағымдағы банктік шоттан алынған жабдық үшін ақша қаражаттары аударылды – 75 000 теңге
5. Жеткізушіге ағымдағы банктік шоттан байланыс қызметі үшін ақша аударылды – 25 000 теңге
Осы шаруашылық операциялар бойынша шоттардың корреспонденциясын анықтап, дебеттік және кредиттік айналымдар құрып, мерзім аяғындағы шоттар қалдығын анықтау керек
Тапсырма 28 Әкімшілік қызметкерге 2015 жылдың қаңтар айында 33 200 тенге жалақы есептелінді.
1. 10% міндетті зейнетақы аударымдары ұсталды
2. кәсіподақтық төлемдер ұсталды – 1%
Жеке табыс салығын, қолға берілген соманы және шоттардың корреспонденциясын анықтау керек
Тапсырма 29 Әкімшілік қызметкерге 2015 жылдың қаңтар айында 43 200 тенге жалақы есептелінді.
1. 10% міндетті зейнетақы аударымдары ұсталынды
2. 1% кәсіподақтың төлемдері ұсталынды
3. 25% алимент орындалушы қағаздары бойынша ұсталынды
Жеке табыс салығын, қолға берілетін соманы және шоттардың корреспонденциясын анықтау керек
Тапсырма 30 Субъектпен мерзімі бойынша төлем алу есепшотына талдау жүргізілді, төмендегі кестеде берілген (мың.теңге)