Модуль Бухгалтерлік есеп негіздері


МОДУЛЬ 3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ



бет2/10
Дата16.05.2023
өлшемі33,33 Kb.
#93926
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
гос1 ответ

МОДУЛЬ 3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
Тапсырма 1
Банктік қызмет көрсету келісімшартында ағымдағы банк шотындағы ең төменгі, азайтылмаған ақша құралдарының қалдығының сомасы 70000 теңге қарастырылған. Банктің дербес есеп шотының көшірмесі бойынша тұтынушының ағымдағы банктік шотындағы қалдық ақшасы есепті кезең соңында 1 250 000 теңгені құрайды.
Тапсырма:
Есепті кезең соңындағы бұл қалдықты бухгалтерлік теңгерімде қалай дұрыс көрсетуге болады (есепшоттың № жазу, есепті жылдың соңындағы оның атауы және қалдық сомасы)?
Тапсырма 2
Ағымдағы несиенің қалдығы “Күдікті қарыздар бойынша резерв” есепшотында 140 мың теңгені құрайды.
Тапсырма:

  1. Резерв келіп түскен соң “Күдікті қарыздар бойынша резерв” есепшотындағы қалдықты анықтаңыз.

  2. Резервтің келуі туралы бухгалтерлік жазбаны көрсетіңіз.

  3. Егер ағымдағы “Күдікті қарыздар бойынша резерв” есепшотының қалдығы дебеттік болса, резерв келіп түскен соң қалдық қандай болады.

Тапсырма 3
Субъект күдікті қарыздар бойынша резервті таза несиеге жасалған пайыз әдісін қолдана отырып есептейді.
Күдікті қарыздар бойынша таза несиеге жасалған соңғы 3 жылдағы шығындар ( жүргізілген зерттеулер материалдары бойынша) 1,5% құрады.
Есепті кезең соңындағы жағдай бойынша қалдық есебі құрады:
- несиеге жасалған = 2 580 000 теңге(Кт);
- жасалған тауарлардың қайтарылуы = 40 000 теңге (Дт);
- сатудағы жеңілдіктер = 80 000теңге (Дт);
- күдікті қарыздар бойынша резерв = 48 000 теңге (Дт).
Тапсырма:
Күдікті қарыздар бойынша резервті есептеңдер және ол келіп түскен соң “Күдікті қарыздар бойынша резерв” есебінің қалдығын анықтаңдар.
Тапсырма 4
Кәсіпорын үмітсіз қарыздар мен таза несиеге сатылымдар шығындары арасындағы пайыздық қатынасқа сүйене отырып, өзінің күдікті қарыздарын болжайды 2007 жылы кәсіпорын 3 789 090 теңге сомасында сатылымды жүзеге асырды, оның ішінде 43% несие арқылы жүзеге асырылған. Өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенсек, күдікті қарыздардан шығындар 3% құрайды. “Күдікті қарыздар бойынша резерв” есепшотында 15 780 теңге мөлшерінде несие қалдығы бар.
Тапсырма:
Берілген мысалды қолдана отырып, күдікті қарыздарға резервтің есепті сомасын анықтаңдар. Күдікті талап етулер бойынша резерв түсімі қандай бухгалтерлік жазбада көрсетіледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет