Сутек қалыпты температурада фтормен, қыздырғанда хлормен, оттекпен және балқыған күкіртпен әрекеттеседі. Н2 + F2→2HF Н2 + Cl2→2HCl 2Н2 + O2→2H2O H2 + S→H2S Бұл келтірілген реакцияларда сутек атомдары электрондарын беріп тотықсыздандырғыш қызметін атқарады. Электрондарын оңай беретін актив металдармен әрекеттескенде сутек электрон қосып алып тотықтырғыш қызметін атқарады. Сутек пен металдардың арасындағы реакция қыздырғанда жүреді және нәтижесінде металдардың гидридтері түзіледі: 2Na + H2→2NaH Ca + H2→CaH2 Сутек күрделі заттармен де әрекеттеседі, әсіресе ол көптеген активтігі орта немесе төмен металдардың оксидтерінен оттекті қосып алуға немесе тұздардан галогендерді қосып алуға икем келеді. CuO + H2→Cu + H2O CuCl2 + H2→Cu + 2HCl Сутегі жеке элемент ретінде биологиялық құндылыққа ие емес. Ағза үшін құрамына кіретін қосылыстар, атап айтқанда су, ақуыз, майлар, көмірсулар, витаминдер, биологиялық белсенді заттар (минералдардан басқа) және т.б. маңызды. Сутегінің маңызды қосылыстарының басқа тобы қышқылдар болып табылады – олардың сутегі ионын босату қабілеті ортаның рН қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сутегінің маңызды функциясы, мысалы, кеңістікте ақуыздардың белсенді түрлерін және ДНҚ екі нүктелі құрылымын қалыптастыратын сутекті байланыстарды қалыптастыру қабілеті болып табылады. 39. . Суттек пероксиді, алынуы, қышқылдық-негіздік қасиеттері. Тотығу тотықсыздану қасиеттерінің екі жақтылығы, мысал келтіріңіз. Медицина мен фармацияда қолданылуы . Сутегі оттегімен судан бөлек пероксид деп аталатын қосылыс түзеді – Н2О2. Сутек пероксиді алынуы лабораторияда алу үшін барийдің пероксидін күкірт қышқылымен немесе көміртек диоксидімен әрекеттестіреді BaO2+H2SO4=BaSO4+H2O2 BaO2+CO2+H2O=BaCO3+H2O2 Техникада сутек пероксидін алу үшін күкірт қышқылының 50 проценттік ерітіндісін электорлиздеп әуелі пероксокүкірт қышқылы H2S2O8 алып оны сумен реакцияларастырып айырып сутек пероксидін алады( Гидролизі)