8. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі: түзілу, ыдырау, жану және бейтараптану жылжуы. Кейбір заттар оңай от алып жылу бөле әрекеттессе (бензин, керосин, газ, т.б.), кейбіреулері реакцияға түсу үшін үнемі қыздырып отыру керек болады. Жылу бөле жүретін реакция экзотермиялық, ал сіңіре жүретіні эндотермиялық деп аталады (экзо - сыртқы, эндо - ішкі). Мысалы, тамақ пісіру осы үдеріске жатады. Жоғарыда қарастырылған оттегін алу реакцияларында бастапқы заттар (КМnO4, КClO3) қыздыруды қажет етеді. Жылу эффектілері көрсетіліп жазылған реакция теңдеулері термохимиялық теңдеулер деп аталады.
С + O2 = CO2 + 393 кДж (экзотермиялық қатты газ) С + Н2O = CO+ Н2 - 132 кДж (эндотермиялык қатты бу газ) Термохимиялық теңдеулер бойынша өндіріске қажетті жылу немесе бөлінетін жылудың шамасын анықтап, олардың мәндері бойынша реакциялардың жүрісін басқаруға болады. Жылу эффектісі әрекеттесуші заттар мен өнімдердің агрегаттық күйіне байланысты, сондықтан термохимиялық теңдеулерде заттардың күйлері көрсетіледі. Мысалы, 1 моль су буы мен сұйық су түзілген кезде бөлінетін жылу шамасы әр түрлі. Басқа тілде оқу Бақылау Өңдеу Бейтараптану реакциясы — негіздік және қышқылдық гидроксидтердің маңызды химиялық қасиеттері олардың өзара әрекеттесіп, тұздар түзуі. Бұны тұз түзілетін реакция деп те аталады. 9. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия. Гиббс энергиясы. Процестің жүру бағытын анықтайтын факторлар: энтальпиялық және энтропиялық факторлар.
Термодинамиканың екінші бастамасы – жылу өздігінен суық денеден ыстық денеге ауыса алмайды. ▲S≥ỽQ\T-қайтымды процесстер үшін ▲S> ỽQ\T- қайтымсыз процесстер үшін ▲S>0 Тұйық жүйеде Энтропия(S)- жүйенің ретсіздігінің өлшемі. Ол процесстің жүру бағытын сипаттайтын жүйе күйінің функциясы. Өлшем бірлігі- Дж\моль*К. Зат сұйық күйден газға қатты күйден сұйыққа айналғанда және оның мөлшері өскен сайын энтропиясының шамасы да артады. Ол жүйенің бастапқы және соңғы күйіне тәуелді де жүру жолына тәуелсіз: ▲S=S2-S1=⅀nSөнім-⅀Sбаст.зат