Физикалық қоршаган ортага жататындар: мектеп ғимара- тының архитеетурасы, көлемі және мектеп интерьерінің кеңістік құрылымы; мектеп кеңістігінде ішкі мектептік дизайнды түрлендірудің жеңілдігі; мектеп интерьерінде оқушыларды ауыстырудың мүмкіндігі мен диапазоны және т.б.
Адам факторына жататындар: оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен оқу үлгерімі, олардың жинақталу деңгейі және әлеуметтік мінез-құлыққа әсері; әлеует пен рөлдердің бөлінуі;
окушылардың және олардың ата-аналарының жыныстық, жас және ұлттық ерекшеліктері.
Оқу багдарламасына жататындар-.оқушылардың қызметтерінің құрылымы; оқыту бағдарламаларының мазмұны және бақылау сипаты [58].
Автор В.А. Ясвин болса, төрт модельді ажыратып көрсетеді, олар кеңістікті-заттық, әлеуметтік, білім беру үдерісінің психо- дидактикалык компоненттері мен субъектілері:
Кеңістікті-заттықкомпонент- бұл ғимараттың архитектуралық ерекшеліктері, жабдықтар, оқу жағдайының ерекше жағдайы.
Әлеуметтік компонент- аталған мәдениет түріне тән бала- ересек қауымдастығы формасы. Бұл жерде бірнеше жағдайды сақтау керек: педагог және студент — дамудың бірегей полисубъектісі: педагог пен студенттер арасындағы ынтымақтастықтың болуы; ұжымдық оқу қызметінің болуы; жоғары оқу орынындағы студенттер мен педагогтардың коммуникативті өмірінің толыққандығы.
Психодидактикалық компонент- студенттер меңгеретін қызмет тәсілдері, оқуды ұйымдастыру. Осы компонент ішінде неге және қалай үйрету керек деген сұракқа жауап алынады [59].
В.И. Слободчиков көрсеткендей, білім беру ортасын бір жақты. алдын ала берілген деп есептеуге болмайды [60]. Қалыптасушы және қалыптастырушының тоғысуы жүретін жерде ғана орта басталады, екеуі біріге отырып жобалайды және құрастырады. Бұндай органы біріккен қызметтің ресурсы деп те, заты деп те қарастыруға болады.
Е.В. Коротаева атап өткендей, кез-келген орта эмоциялық-даму- шы жағдайда болуы тиіс. Ол білім беру ортасының эмоциялық- дамушы компоненттерінің сипатын қамтамасыз ететін жағдайларды анықтайды:
ортақ өмір әрекетіне қатысушылардың қатынасы, яғни, білім беру ортасының эмоциялық-қолдаушы компоненттері;
күн тәртібі уақыты, баланың мектепке дейінгі немесе мек- тептегі кезеңі, яғни, эмоциялық-дамушы компонент;
сыртқы жағдай (түр мен түс бойынша шешім, жиһаздардың ыңғайлылығы);
сабақта балалармен эвристикалық жаттығулар жасау, эмо- циялық-жаттықтырушы компонент! [61].
Білім беру ортасы көп жағдайда екі көрсеткішпен өлшенеді:
молдығымен (ресурстық әлеует);
құрылымдылығымен (ұйымдастыру тәсілі).
В. Слободчикованың пікірінше, «әлеуметтік мәдени мазмұн білім мазмұнына айналғанда ғана өзіндік білім ортасы қалыптасады» [60]. Осындай білім беру ортасы білім алушының жеке тұлғасы мен мәдени өсуіне ықпал ете алады.
Сонымен, ғалымдардың пікірінше, білім беру ортасы білім беру үдерісінің материалды факторлары мен білім беру субъектілері өзінің өзара қызметінде қалыптастыратын тұлғааралық қатынастың жиынтығынан тұрады. Бірақ, қазіргі заман шындығы тұрғысынан қарастырғанда, жағдайларға баламалы өзгере алатын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде инновациялық инклюзивті режимде жүмыс істейтін қазіргі жалпы білім беретін мектеп әрбір оқушының ерекше білім алу ңажеттіліктеріне сай келетін білім беру ортасын жасауды талап етеді,әрбір оқушыны жыныстық, этникалық, діни ерекшелігіне, денсаулығына, даму деңгейіне, ата-анасының әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан оқушыны білім беру кеңістігіне ендіреді және инклюзияның басты шартын анықтайды: мектеп оқушыға қарай бейімделеді, бұл окушылардың негізгі контингенті үшін жағымды басымдық болып табылады, өйткені, олар ерекше қажеттіліктері бар өз сыныптастарын құрметтеу және бағалауға үйренеді, мүгедектіктің не екендігін түсінеді, әлемді барлық өзгешеліктерімен қабылдай отырып, біз әр түрліміз, бірақ, біз теңбіз деген мекггептің толеранты кеңістігін қалыптастырады.
Инклюзивті сыньштағы заттық-білім беру ортасыи модельдеудің ерекшеліктері
Жаңа, қазіргі талаптарға сәйкес баламалы білім беру ортасын инклюзивті мектепте модельдеу қазірде өзекті мәселе болып отыр
В.А. Ясвиннің пікірінше, «өзін-өзі өзектендіретін жеке тұлғаның» (А.Маслоу бойынша) психологиялық сипаттамасы, нақтылы мағынада, «педагогтық қолдан» шыққан «сапалы өнімді» модельдеу және жобалау үшін айқын бағыт болады:
қызметті белсенді қабылдау және оны дұрыс бағыттау;
өзін жэне басқаларды дәл сол қалпында қабылдай білу;
әрекеттеріндегі өз ойлары мен сезімдерін білдірудегі спон- тандылық;
ішкі әлемге багытталу ғана емес, сыртта не болып жатқандығына назар аудару, өзінің сезімдері арқылы сананы реттеу;
әзіл-қалжыңды қабылдай білу;
шығармашылық қабілеттер;
шарттылықты қабылдамау, бірақ оны байқатпау;
өзінің бақытын ғана қамтамасыз ету емес, басқа адамдардың да әл-аухатын ойлау;
өмірді терең түсінуге қабілеттілік;
барлығымен болмаса да, өзін қоршаған адамдармен, қайырымды жеке қарым-қатынас орнату;
өмірге объективті көзқараспен қарау, оны бағалай білу;
балалар сияқты тікелей өмірге ену, толықтай оны қабылдау;
өмірде жаңа, қауіпсіз жолдарды таңдау [59].
Мұндай білім беру ортасын ұйымдастырудағы басты мақсат, В.А. Левин пікірінше, «әрбір оқушының дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, әрбір оқушының өзін жақсы сезінуіне толық мүмкіндік бере отырып білім беру ортасыи құру керек, моделдеу керек». Білім беру ортасы мектептің қойған міндеттерін табысты жүзеге асырудың, оның түрлі аспектілердегі (физикалық, интеллектуалды, моральдық) табысты дамуының негізгі кепілі болуы қажет [59].
Білім беру ортасының кеңістікті-заттык компонентін моделдеу және ұйымдастыру Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінде айтылған. Бұл еңбекте білім беру мекемесінің кеңістікті-заттық ортасы баланың мүддесіне қатысты қарастырылады: «Мектептің өзі ыңғайлы, іші, сырты жағынан көз тартарлық болуы қажет. Мектептің іші жарық, таза, белгілі адамдардың суреттерімен, георафиялық карталармен, тарихи оқиға ескерткіштерімен, эмблемалармен безендірілген болуы қажет. Мектептің сырт жағында серуедеу жэне ойнау алаңы ғана емес (бұларды балалардан тартып алуға болмайды, ол туралы төменде тоқталамыз), ағаш, гүл мен шөптерді бақылауға болатын кішірек бақша да болуы керек, Егер іс осылай ұйымдастырылатын болса, балалар әдетте қызық нәрселер көруге болатын жәрмеңкелерге қызығушылықпен баратын сияқты, мектепке де ынтамен келетін болады» [60]. .
Білім берудің кеңістікті-заттық ортасын модельдеу жеке тұлға дамуының негізгі факторы екендігіне алғаш ерекше назар аударған Мария Монтессори [61] болды. Дамушы білім беру ортасын моделдеуде Монтессори, ең алдымен, білім берудің кеңістікті-заттық ортасын ұйымдастыруда «дайындық ортасын» жасау арқылы балаларға тікелей басшылық жасауды тәрбиешіге жүктейді. Монтессори құрылымдаған мектепке дейінгі және бастауыш мектеп үшін дайындық ортасы баланы өзінің жеке ерекшелігіне сәйкес, өз шығармашылығы арқылы өз дамуын жүзеге асыру мүмкіндігіне ынталандыруы қажет. Балалардың өздерін өзі оқытуы арнайы құрылғы дидактикалық материал («Монтессори-материал») негізінде жүргізілді. Бұл құрал балаға тапсырмаларды орындау барысында өзінің жіберген қателіктерін табуға және оны түзетуге кемектеседі. Монтессори мұндай тапсырмаларда бастысы баланың белсенділігінің дамуы деп атап көрсетеді, ал қандай да бір білімнің меңгерілуі ол ілеспе міндеттер ретінде анықталады. Білім берудегі кеңістікті-заттық орта Монтессори үшін алғашқы болды, өйткені, осы жастағы баланы оқыту негізіне оған түрлі сенсорлық тәжірибені меңгеру берілген болатын, коршаған ортадағы түрлі әлементгермен өзара әрекеттескенде ол жүзеге асады.
Монтессори дайындық ортасындағы баланың дербес әрекетіне үлкен мән берді. Ол баланың дербес әрекеті оның «ішкі күштерін» дамытып, балалардың біртіндеп ересектерден тәуелсіз болуына көмектеседі деп есептеді. Бала үшін дидактикалық Монтессори-материалдары - әлемді танудағы ерекше кілт, оның көмегі арқылы бала өзінің әлем туралы түсініктерін реттейді, мәдениетке «кірігеді», табиғатты түсінуге үйренеді.
Монтессори пікірі бойынша, дайындық білім беру ортасы бала- ның физикалық және рухани дамуына кешенді мүмкіндіктерді туындатады, баланың өз емірлік тәжірибесін түсінеді: «баланың моторлық қажеттіліктерін есепке ала отырып дайындық ортасын жасау маңызды. Жабдықтар көлемі және қолайлылығы жағынан баланың күші мен бойына сай болуы қажет...
Күнделікгі тәжірибедегі жаттығуларға арналған материалдар түсі, формасы, көлемі, қолайлылығы және тартымдылығы жағынан баланың қажеттіліктеріне жауап беруі қажет...
Бала орналасқан ортада тәртіп орнату баланың әлеуметтік мінез- құлық үлгілерін меңгеруге жағымды жағдай туғызады және оның ішкі рухани құрылымының тузілуіне әсер етеді. Бала ересектердің көмегіне неғұрлым мұқтаж болмаса, балада қоғамдағы меншікті мінез-құлқы үлгілерін құруды дамыту үшін шығармашылық күш соғүрлым көп болады [61].
Монтессори білім беру ортасының кеңістікті-заттық компо- нентіне, оның архитектуралық элеметтеріне көп көңіл бөледі, сабақтарға арналған бөлмелер аулада орналасуы қажет, онда балалар үй-жануарларымен, өзара қатынаста болады, өсімдіктерді бағып-күтуге мүмкіндік алады.
Қазіргі уақытта Монтессори әдісі әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде, Қазақстанда да танымал болып отыр.
Білім беру ұйымдарының архитектуралық ерекшеліктері білім беру үдерісінің тиімділігіне ғана емес, оның стратегиясьша да ықпал ететіндігін Я.Корчак та атал өтеді: «Интернат өмірін ұйым- дастырудың техникасы оның ең кіші, сонымен қатар, шешущі де- тальдарымен ғимаратқа байланысты болады, ғимаратта интернат орналасады, және осы территорияда ғимарат соғылады [62].
Білім берудің кеңістікті-заттық ортасын модельдеу де білім беру ортасындағы инклюзивті сыныптарға енетіндер: мектеп ғимаратының архитектурасы, ішкі мектептік дизайн құрылымы деңгейінің ашық-жабықтығы, мектеп ғимратындағы бөлме құрылымдарының көлемі және кеңістігі, кеңістікге трансформациялау жеңілдігі, бөлмелер көлемінің субьектілердің ауысуы үшін кеңдігі және т.б. [63].
Сьшып бөлмесінің қолжетімділігі - бұл инклюзивті білім беру ортасындағы білім беру үшін маңызды алдын-ала шарт [66]. Мүгедек балаларға арналған инклюзивті сыныптың кеңістігінің қолжетімділігі туралы сөз болғанда, бірінші - баспалдақты жолдар бар аймақтарға пандустар орнату болып табылады. Пандустар арбада қозғалатын, қозғалыс үшін әртүрлі құралдарды пайдаланатын (балдақтар, таяқтар), сонымен бірге қозғалысында ауытқуы бар балаларға пайдалы. Баланың мүгедектер арбасында қозғалысы үшін есіктің жақтауларын кеңейту қажет. Есіктер өзінің құрылымы бойынша айқара ашылатын болуы керек, оны арбада отыратын бала оңай аша алуы керек.
Көруінде бұзылуы бар балалар үшін есіктердің толығынан ашы- латын және толық жабылатын құрылымда болуы қажет. Көруінде бүзылуы бар балаларға арналған сыныпта жиһаздың орнын жиі ауыстырмаған дұрыс.
Қимыл-қозғалысында бүзылуы бар баланың оқитын сынып бөлмесі жеткілікті кең болуы керек, онда бала еркін түрде қозғала алуы керек, сондықтан біздің дәстүрлі сынып бөлмелеріміз әрдайым осы талаптарға сай бола бермейді.
Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларды сыныптың назары аудара бермейтін, заттар аз орналасқан бөлігіне отырғызу керек. Оларды мынадай жерлерге отырғызуға болмайды:
терезеге жақын жерге, өйткені бұл балалар окуға назарын аудара алмай алаңдайды;
-сыныптағы ынталандыру және дамыту материалдары мен оқу құралдары бар жерлерге (плакаттар, жануарлар суреті, аквариумдар);
есік немесе шкаф жанындағы оқу құралдар бар жерлерге, өйткені, сабақ барысында жиі қолданылатын оқу құралдары мұндай балалардың назарын жинақтауга кері әсер етеді.
Сыныптағы үстелдер мен орындықтардың биіктігіне назар аудару қажет, олар мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолайлы болуы керек. Мысалы, партаның биіктігін көтеру баланың арбасын оның жанына қолайлы орналастыруға мүмкіндік береді. Сөрелер мен стеллаждар барлық балаларға жететіндей биіктікте орналасуы керек.
Көруінде бұзылуы бар балалар үшін, бірқатар қосымша фак- торларды ескеру қажет: егер баланың көруі өте әлсіз болса, заттар әрдайым болжанатын бірізділікте орналасуы керек, ал көруі нашар бала осы кеңістікте бағдарлана алуы керек. Егер сабақтар басқа орында өткізілетін болса, немесе материалдар мен заттардың орындары ауысып кетсе онда мұғалім көруі нашар баланың зейінін осы өзгерістерге аударуы керек. Сынып бөлмесіндегі жарықтандыру және шолу мәселесі өте маңызды. Аталған патологиясы бар балалар сыныптың ең жарық бөлігінде отырулары керек, олар көрнекі қүралдар мен оқу материалдарын сол бөлікте ғана жаксы көре алады.
Естуінде бұзылуы бар балалар ең жақсы естілетін жерде, мұғалімнің ернінен жақсы оқи алатын және сыныптың басқа оқушыларының жауаптарын жақсы көре алатын бөлікте отырулары керек.
Инклюзивті мектепте әдеттегі оқушыға қолжетімді барлық бөл- мелер мен аймақтар, мүмкіндігі шектеулі балаларға да қолжетімді болуы керек. Мысалы, ауыз суы бар диспенсерлер барлық балалар қолдана алатындай биіктікте орналасуы керек.
Инклюзивті білім беру ортасының моделін салыстырмалы талдау және дұрыс тандау үшін, сыныптардың физикалық ортасының кеңістігінің әртүрлі модельдерін қарастыру қажет. Мысалы, сыныптағы парталардың катары мұғалім үстелінің алдында тақтаға қарама-қарсы орналасқан, ал мұғалімнің сабақты алдында отырған оқушыларға қарап өтуін қамтитын, оқу орындарының орналасуы дәстүрлі болып саналады (Сурет 2) Көптеген суреттерде сыныптағы осындай орналасуды көруге болады. Көптеген сыныптарда оқытудың негізгі сатысында, оқушыларды дәл осындай үлгіде отырғызуды бастайды, мұнда тек қысқа мерзімде оқушылармен сабақ өткізетін мұғалімдердің сабағында ғана біршама өзгеріс енгізеді.