Рационалъды және қолжетімділік принципі. Ортаның әрбір компоненті негізделген және қойылған мақсатқа сай болуы қажет. Ерекше бала үшін дамушы заттық ортаның мазмұны кітаптардың, материалдардың, атрибуттардың барлығы орналасуы жағынан бала қолы жететін деңгейден жоғары емес қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек [70].
Инклюзивті кеңістікке енген балалардың контингентіне байла- нысты дамушы заттық ортаның өзіндік ерекшелігі болады және қызметтің барлық түрлерінің толық дамуы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Демек, жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып балалармен жұмыс аз топта немесе белсенді орталықта жүргізілетін инклюзивті сыныпты білім беру ортасына модификациялауда төмендегідей мәселелерге көңіл аудару қажеттігін айтамыз:
Бала түйсіне және сезе алатын белгілермен сыныптың мүм- кіндікгі аймақтарын және оқу орталықтарын жабдықтау;
Баланы сынып бөлмесімен тұрақты сабақтар басталмас бүрын таныстыру;
Басқа балаларды ерекше мұқтаждықтары бар баланы қолдауға баулу;
Бала үшін қоршаған ортаның болжамды болуын бақылау;
Төтенше жағдайлар үшін әрекет етудің жоспарын құрастыру. Көшу кезінде көмек беруді қамтамасыз ету;
Қажет болған жағдайда мүгедектер арбасының жүруі үшін есіктің жақтауын кеңейту;
Мүгедектер арбасының жүруі үшін еркін кеңістікті қамтамасыз ету үшін жиһаздарды дұрыс қою;
Әжетхананы баланың пайдалануында ыңғайлы болуын қарастыру, егер ғимаратта әжетхана жоқ болса, мүгедектер арбасы- мен қандай жерге баруға болатындыгын ойластыру;
Баланың мұғаліммен немесе басқа баламен жұп болып жұмыс істеуіне ыңғайлы бұрышты жабдықтау. Бұл бұрыш пердемен немесе тосқауылмен қоршалып тұруы қажет, мұғалім ішкі жағында не болып жатқанын бақылай алуы қажет, ал балалар сыныптың калған бөлігін көрмеуі керек;
Қызмет орталықтарын физикалық кедергілер тәрізді сөрелермен бөлу керек;
Жарақатқа жол бермеу үшін жиһаздардың қырларын жұмсақ заттармен қорғап қою керек;
Бала дем алғысы келсе, оған козғалуға мүмкіндік қамтамасыз ету керек;
Болжамды жағдайды қамтамасыз ету кажет;
Жиһазды арба кез-келген жерден өте алатындай орналас- тырыңыз;
Төтенше жағдай болғанда оқу эвакуациясын жүргізудің жос- парын жасаңыз;
Мекемеден тыс жерде арбамен жүру мүмкіндігі болатындай кеңістікті қарастырыңыз;
Жеке жұмыс жасауға арналған орынды немесе сыныптағы ты- ныш аймақты пайдалану қажет;
Сыныптың жұмыс істеу аймағы осы сыныптың мұғалімі сипаттағандай оку стиліне сәйкес болуы керек;
Сынып тақтасын басқа материалдармен қоршамау керек;
Қауіпсіз, кедергі мен тосқауылдардан еркін тұрған қолжетімді орта болуы керек;
Қозғалыс үшін сыныптағы баламалы кеңістікті камтамасыз ету керек.
Икемді топтарда сабақта жұмыс істеуге және өзара әрекетке түсуге мүмкіндік алатындай етіп, оқу орнын ұйымдастыру кажет [71].
Сынып кеңістігін дұрыс құрылымдаумен қатар, жақсы мұгалім, біріншіден, сыныпта әрқашан нақтылы күн тәртібі ережелерін белгілейді, күн тәртібі барлық оқушыларға анық және жетімді түрде хабарланады. Бұл ережелер күнделікті сынып өмірімен қатар, ерек- ше жағдайларда туындайтын кейбір мәселелерге де қатысты болады. Балалар ережелер мен нормалар түсінікті және анық белгіленген сыныптарда өздерін жақсы сезінеді. Екіншіден, инклюзивті сынып- тар түрлі оқушыларды оқытуды мақсат ететіндіктен, мұғалімнің де оларды оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді білуі қажет, әсіресе, бұл сынып қауымдастығының мәдениетіне қатысты маңызды мәнге ие болады. Біз білетініміздей, сыныптағы балалардың ерекшеліктері бірден көзге көріне бермейді, бірінде ерекшелік айқын көрінсе, екіншісінде байқалмауы мүмкін.
Сондықтан, сыныптағы қауымдастықты қалыптастыру үшін мұғалімге төмендегідей ұсыныстар беріледі:
Оқушылардың жұмысын көрсету. Мұғалім әрбір жұмыстың нормаларға сәйкес дұрыс орындалуын, осы нормаларды орындаудың талаптарын бұзуга жол бермеу туралы пікірлерге қарсы тұруы қажет. Инклюзивті сыныптарда әртүрлі қабілеттері бар балалар оқитындықтан, жұмыс орындауда олардың нәтижелері де әртүрлі болады, дұрыстық деңгейі де түрлі болады. Жұмысты тек «жақсы, талапқа сай» орындаған оқушылардың ғана емес, барлық оқушылардың жұмыстарын көрсету қажет.
Әрбір күні таңертең, оқушыларға аталған күннің неге арнал- ғанын еске салу үшін немен шұғылданатыны туралы хабарлау қажет. Бұл есте сақтау қабілеті нашар балаларға тиімді. Біреуден артық дәлелдеме талап етсеңіз, сіз немен бүгін айналысатыныңызды ескерту де маңызды.
Оқушылармен бірлесіп бір сабақтан екінші сабаққа өту жүйесін қалыптастыру және үйлестіру. Бұл жағдайда өз сыныптастарының назарын қызметтің ауысуына аудара алатын көшбасшыны таңдап алуға болады, әрі «таңертеңгілік» және «күндізгі» көшбасшы қызметін оқушылар арасында бөліп aлy қажет, сабақтарды орындау қиындық тудыратындарды да қосу керек.
Оқушылардың арасында шағын топтарды құру, олардың әрқай- сысының өздерінің күнделікті міндеттемелері болады. Мұндай міндеттемелер ретінде, сурет салу үшін қағаздар мен жабдықтарды,
кітаптарды беру, ерекше мұқтаждыктары бар балаларға материал дайындау немесе бейнетаспа мен плеерді дайындау алынады. Мұндай қызметке барлық оқушыларды жұмылдыру керек. Бастауыш сыныптарда мұндай тапсырмаларда окушылар сабақ қатысымын тексереді, мектеп офисіне қандай да бір ақпаратты жібереді, мектеп жасыл бұрышындағы жануарлардың күтіміне қарайды немесе сыныптың белгілі бір белігінің тәртібіне жауап, береді. Жоғары сы- ныпта оқитын окушылар көбінесе, бір сыныптан екінші сыныпқа ауысады, мұғалімнен мүғалімге ауысады, сондықтан, олардың тап- сырмалары сыныппен байланысты бола бермейді, өйткені, олардың мұғаліммен қатынастары қысқа және өтпелі қалыпқа енеді. Білім алуда түрлі қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы инклюзивті тәсіл бұл балаларда қандай да бір маңызды тапсырмаларды орындайды, тапсырмалар сыныптағы басқа оқушылардың тапсырмаларынан аз да, көп те болмайды деп ұсынады.
Тақтада аптаны ашатын және жабатын жиналыстарда талқыла- натын тақырыптар тізіміне орын қалдыру керек. Тақырыптарды әрбір оқушы енгізе алады. Барлығы тізімді көреді және әрқайсысының талқылауға дайындалуға мүмкіндігі болады немесе өзін қызықтырып жүрген кез-келген тақырыпты жолдастарының назарына ұсынып, талқылауға болады.
Көпшілік сыныптарда көптеген алуан түрлі әдебиеттер бар. Кітаптар мен брошюралардың арасында дамуында ерекшелігі бар балалар мен олардың қоғамдағы өмірі жайлы ақпарат болатын материал болуы қажет.
Сонымен біз, сынып қауымдастығы мәдениетін қалыптастырудың негізгі тәсілдерін қарастырдық, бұл мұғалімге сыныптағы жағымды атмосфераны орнатуға көмек береді және тәсілдерді өзгешеліктерінің әртүрлілігіне қарамастан балалар жақсы қабылдайды.
Инклюзивті мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды дұрыс эва- куациялау мәселесінің маңызды мәні болады.
Ең алдымен, көшіруде мүгедектігі бар балаларды қалай тез және қауіпсіз жолмен мектеп ғимаратынан алып шығу керектігін міндетті түрде ойластыру қажет:
көзі нашар көретін балалар эвакуация жағдайында ғимараттан шығарылуы керек;
- арбамен қозғалысқа түсетін немесе қозғалысында күрделі шектеулері бар балаларға ғимараттан тез және қауіпсіз шығуы үшін арнайы шара немесе әрекет қажет болуы мүмкін.
Канададағы мектептегі балаларды эвакуациялау кезіндегі жақсы ұйымдастырылған шараны үлгі ретінде ұсынамыз:
Мысал: эвакуация
Мисс Холл Эдмонтон мектебініц 5-ші бастауыш сыныбында сабақ береді. Бұл сыныпта арбамен қозғалатын бір бала және көзі нашар көретін тағы бір бала оқитын. Бір күні., қацтар айының ортасында қоршаган орта температурасы -25 градусқа дейін төмендеді, көп қар жауды және мектептіц дабыл қағу жүйесі іске қосылды. Барлық балалар тез арада мектеп ғимаратынан шығуы керек болды. Эвакуация кезеңіндегі әрекет жоспары алдын-ала жасалып қойган және Мисс Холли оиы балалармен талқылаған, сондай-ақ, жаттығу шаралары да жүргізілген болатын. Мүгедектігі жоқ балалар киініп, терезенің алдына тұрғанда Мисс Холли өз палътосын, шәпкесін киді, арнайы «эвакуация цорабына» сыныптық сабаққа қатысым тізімі жазылзан парақ- ты салды. Осыдан кейін, мектептің басқа қызметкерлері сыныпқа кіріп, көзі нашар көретін балаға пальтосын, шәпкесін киюге көмектесті. Мектептің қызметкерлері қозғалысында ауытқуы бар баланың арбасына палътоны қойды, бірақ оны балаға толықтай кигізген жоқ, өйткені баланы жартылай арбадан шыгару керек болды, бұл осы жагдайда көп уақытты алатын қажетсіз әрекет болар еді. Мисс Холлидіц нүсқауы бойынша сынып және мектептің қыз- меткерлері алдын ала дайындалған багыт бойынша ғимараттан шығып кетті. Мектеп қызметкерлерініц біреуі бала отырзан ар- баны қозгалтып жүргізді. Ғимараттан шыққанда сынып жедел жиналатын орынға келді. Мисс Холли балалардыц барлығына алдын-ала «эвакуация қорабына» салып қойан көрпешелерді берді, ец алдымен, арбада отырған балага көрпеше берілді, өйткені, ол толық киінбеген еді. Содан кейін, мисс Холли барлық балалардыц қатысымын тізім бойынша тексерді[72].