Модуль Маркетингтің теориялары және маркетингті зерттеулер мен орталары Тақырып Тауар нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлығы



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі118,49 Kb.
#125832
1   2   3   4   5   6
III. Жеке тұлғалық факторлар.


1.
Өмір сүру кезеңіне,
жасына байланысты адамның қажеттіліктері 
өзгереді. Уақыт өткен сайын адамның тамаққа, киімге, демалысқа, жиһазға 
деген талғамы өзгереді. 
2. 
Қызмет түрі
өнім мен қызметті тұтыну сипатына әсер етеді. Мысалы, 
жұмысшы арнайы жұмыс киімін, ал компания президенті қымбат костюмді 
сатып алады.
3.
Экономикалық жағдайы
табысының тұрақтылығы және жинақтаған 
қаражаттарымен анықталады. 
4. Қазіргі кезеңде тұтынушының мінез-құлқын зерттеудің негізгі бағыты - 
өмір сүру стилін зерттеу.
Тұтынушының өмір стилі
– оның тұрақты 
әдеттерін, талғамдарын, мүддесін білдіретін өмір сүру бейнесі және мінез-
құлықтың белгілі бір түрі.
АҚШ-ң ең алдыңғы корпорациялары қаржыландырған VALS (Values and 
life styles – адам құндылығы және өмір стилі) бағдарламасы бойынша 
тұтынушылардың келесідей үлгілерін бөледі: 
-
актуалайзерлер - өзін-өзі бағалауы жоғары, алдыңғы қатарлы 
белсенді тұтынушылар. Қызметте өсу мен дамуға және өзін-өзі 
танытуға талпынады.
-
орны анықталғандар - өмірге көңілі тоқ, жетілген, берекелі-ырысты, 
білімді және жауапкершілікті бағалайтын ойшыл адамдар. Бос 
уақыттарын үйлерінің маңында өткізеді. Жаңа идеяларға және 
әлеуметтік өзгерістерге құмар. 
-
Сенушілер – 
-
Жетістікке жетушілер - өз өмірін жақсы жолға қойған, мәртебесі мен 
қызметінің өсуін көздейтін адамдар. Олар үшін ең бастысы – мәртебе, 
сондықтан да олар белгілі және танымал өнімдер мен қызметтерді 
таңдайды.
-
Ұмтылушылар - өздеріне сенімсіз, әлеуметтік және экономикалық 
ресурстары төмен адамдар, басқалардың көзқарасы олар үшін өте 
маңызды
-
Экспериментаторлар – жігерлі, құлшынысқа толы, импульсивті, 
жаңалықтарға, тәуекелділікке, жаңа заттарға ұмтылатын жастар. 
Табысының басты бөлігін киімге, тез дайындалатын тамақтарға, 
музыкаға, киноға жұмсайды.
-
Мейкерлер - өзіндік табыстарын бағалайтын, дәстүрлі өмір сүретін, 
отбасына берілген адамдар. 
-
Күнелтушілер – ұзақ уақыт бойы кедейшілік зардабын тартқан, білімі 
аз, шеберлігі де жоқтың қасы, денсаулығын ойлаған, енжар, момын 
тұтынушылар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет