Психологиялық эксперименттердің нәтижелері
кейбір күрделі дағдылардың
белгілі даму дәрежесіне жеткізілмеуі олардың бұзылуына себепші болып
отыратындығын
байқатады.
Мәселен,балалар
бақшасының
жоғары
тобындағыларды жазды күні кеспе әліппенің кейбір элементтерімен
таныстырып, екйін күзде олардың сол үйренгендерін байқап көргенде
балалардың бұрын білгендерін ұмытып қалғандары байқалған.Балалар
бақшасында хат тану негізгі міндет болып есептелінбейді де, оның үйретудің
методикасы мектептегіден әлдеқайда төмен болады. Балардың бұрын
білгендерін кейін ұмытып қалуына да осы жағдай әсер еткені сөзсіз.
Дағдылардың бұзылуының жеке көріністерінің бірі де автоматизация.Мұны
дағдылардың босансуы деуге де болады. Мәселен,емле ережелерін жақсы
білетін адам дмктант жазған кезде , сол ережелерді әдейілеп еске түсіріп
отырады.Мұңдай кезде оның дағдысы бұзыла бастайды, тез жаза алмайды,
кібіртіктей береді.Мұндай жағдай баланың осы дағдыны тек бір жолмен
үйренгендігін көрсетеді.Егео бала мұның толып жатқан тәсілдерін білсе,
үйренгенін ретімен қолдана біледі.
Адамның түрлі аффект жағдайларында жасалған дағдыларды да содай-ақ
жеңіл менгерілгендерді де бұзылуға тез ұшырап отырады.Дағдылардың осылай
бұзылып, тіпті жоғалып отыруы олардың автоматталу дәрежелесінің
әр
түрлігінен
болады.
Мәселен,жүру,
жүгіру,аяқ-қол
қимылдарының
автоматталынуы оңай болса, спорттық дағдылардың автоматталу жолы өте
күрделі болып келеді.Соңғылары арнаулы жаттығулар мен қайталауларды көп
керек етеді. Сол секілді ақыл-ой дағдыларының автоматталынуы да өте күрделі
жаттығуларды керек етендіктен, бұлардың қалыптасуына да көптеген
қиыншылақтар, осыған орай бұзылулар жиі кездеседі.
Дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды, сондай-ақ әдеттерді
автоматизмдер
деп
атайды.
Адамда
туысынан
пайда
болатын
автоматизмдермен (жүрек пен ішектің қозғалыстары, дем алу процесі т.б.)
қатар өмір сүру барысында қалыптасатын автаматизмдер (жүру, сөйлесу, киіну,
ішу т.б.) болады.
Дені сау адамның авиоматизмінен патологиялық (нерв жүйесінің қызметіне
зақым келген жағдайда) автоматизмді ажырату керек. Соңғысы сананың
бақылауынан түгелдей шығып кеткен қозғалыстар. Бұған мәселен, ұйқы
кезіндегі адамның жүруі, бұлшық еттердің дірілдеуі, дененің жеке мүшелерінің
селкілдеуі, тілін шайнау, ернін тістеу т.б. осындай патологиялық автоматизмдер
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: