Оның дүниеге тұңғыш келген жері - ежелгі Греция. "Психология" гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - "псюхе" (жан), екіншісі- "логос" (сөз, ілім). Сөйтіп бұл сөзді жан туралы ғылым деп түсінген жөн. Адам баласы
аспанының көгілдір, ағаш жапырақтарының жасыл екендігін көреді, даладан
келіп жаткан әр түрлі дыбыстарды естиді, бір заттардың суық, екінші бір
заттардың ыстық екендігін сезінеді, яғни әрбір адам өзінің айналасындағы
заттарды түйсініп қабылдауға қабілетті болып келеді. Адамда ойлау, сөйлеу
қабілеті бар. Адам баласы бұрын болған оқиғаларды есте сақтайды, келешек
туралы ойлайды. Бұл жағдай ес пен қиялдың арқасында болады. Көп жағдайлар
адамдарда қуану, не ренжу сезімін туғызады. Адам бір нәрсеге ұмтылады, сол
мақсатқа жету үшін еркін көрсетеді.