Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Қабілет, темперамент, мінез



Pdf көрінісі
бет5/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#24481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Қабілет, темперамент, мінез - бұл адамның психикалық қасиеттері. 
Психикалық  процестер,  психикалық  жағдай  және  психикалық  қасиеттер 
бір-бірімен тығыз байланысты, бұлардың жиынтығы психика болып саналады. 
Осы  айтылып  кеткен  психикалық  процестер,  жағдайлар,  қасиеттер  бір 
калыпта тұрмай, адамның іс-әрекетінде дамып, өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер 
заң бойынша болып отырады. 
Адамның  психикасын,  оның  психикалық  іс-әрекетінің  заңдылықтарын 
зерттейтін ғылымды психология деп атайды. 
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі грек  ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-
322  ж.ж.)  есімімен  байланысты.  Екі  жарым  мың  жылға  созылған  осынау 
кезеңде  психология  басқа  ғылымдармен  (философия,  медицина,  әдебиет,  жа-
ратылыстану  т.б.)  араласса,  астарласа  дамып  келді.  XIX  ғасырдың  екінші 
жартысынан  былай  қарай    ғалымдар    жан  құбылыстарын  (түйсік,  ес,  ойлау, 
қиял т.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әр түрлі құрал-жабдық аспаптардың 
көмегімен  зерттей  бастады.  Осы  кезден  бастап  психология  өз  алдына  дербес 
отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады. Ғылымның осы саласына 
экспериментті,  тұңғыш  енгізген  неміс  ғұламасы  В.  Вундт  (1838-1920  ж.ж.) 
болды. 
Психология  ғылымының  тарихы  да  біріне-бірі  қарама-қарсы  жоғарыда 
аталған  екі  бағыттың  үздіксіз  ой-пікір,  талас-тартысына  толы.  Мәселен, 
ертедегі  грек  ойшылдарының  бірі  Демокрит  (б.з.д.  460-370  ж.ж.)  сол  кездің 
өзінде-ақ  жанды  (психика)  оттың  атомдарындай  қозғалмалы  касиет  деп 


 
 
түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, 
материалистік  тұжырым  жасады.  Сол  заманның  екінші  бір  ойшылы,  идеалист 
Платон  (427-347ж.ж.),  керісінше,  жан  мәңгі  өлмейді,  өшпейді  деп 
тұжырымдады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет