Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Психологияның маңызы және оның міндеттері



Pdf көрінісі
бет6/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#24481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Психологияның маңызы және оның міндеттері 
Ғылым  ретінде  психологияныц  міндеті  -  психикалық  өмірдің  негізгі 
заңдарын  зерттеу.  Бұл  заңдарды  білу  әрбір  адамға  қажет.  Психологияны  зер 
салып  зерттеген  адамның  қай-қайсысы  болса  да  өзінің  күшті  және  осал 
жақтарын  көре  біледі,  өзін-өзі  тәрбиелеп,  жақсы  қасиеттерін  жетілдіруге, 
кемшіліктерін  жоюға  мүмкіндік  алады.  Психологияны  үйреніп  білу  -  адамға 
еңбек және оқу  істерінде тигізер көмегі мол. Ой-әрекетін жақсы түсінуге, еске 
сақтауға,  зейін  аударуға  жол  ашып  береді.  Адамның  психикалық  өмірін 
бейнелейтін  әдебиетті,  тілді,  тарихты  және  баска  қоғамдық  ғылымдарды 
зерттеп  білуде  психологияның  маңызы  зор.  Балалардың  психикалық 
ерекшеліктерін білмейінше, оларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеуге болмайды. 
Жалпы  психологиямен  қатар  психологиялық  ғылымның  жеке  салалары  да 
болады.  Мұғалімдер  мен  тәрбиешілер  үшін,  бала  және  педагогикалық 
психологияны  білудің  маңызы  зор.  Педагогикалық  психология  оқу-төрбие 
жүмысы  процесінде  балалардың  психикасын  зерттеумен  шұғылданады.  Ол 
оқушыларды  ойдағыдай  окытып  тәрбиелеудің  психикалық  шарттарын 
зерттейді. 
Психологияның,  әсіресе,  мұғалімдер  үшін  маңызы  зор.  Анатомия  мен 
физиологияны    жөнді  білмейтін    дәрігердің  жұмысы  -  қандай  пәрменсіз 
болатын болса, психологияны білмейтін мүғалімнің де оқу-тәрбие саласындағы 
еңбегі  нәтижелі  болмайды.  Осы  жайды  Украинаның  аса  көрнекті  педагогы, 
психолог  А.С.  Макаренко  (1888-1939  ж.ж.)  бізге  талай  рет  ескерген  болатын. 
Ғылыми-техникалық  прогресс  елімізде  осы  ғылымның ұдайы  дамуына  ерекше 
ықпал  жасап  келеді.  Кеңес  психологтары  әсіресе  оқу-ағарту,  тәлім-тәрбие 
мәселелерінің  көптеген  қырларына  замана  талабына  сай  зерттеулер  жүргізді. 
Мәселен,  төменгі  сынып  окушылары  оқудың  жаңа  жүйесіне  көшіруде 
психологтар  (Л.Б.  Занков,  В.В.  Давыдов,  Д.Б.  Эльконин  т.б.)  елеулі  еңбек 
сіңірді.  Психологияның  саликалы  проблемалары  Мәскеу,  Киев,  Тбилисидегі 
ғылыми-зерттеу  институттарында,  университеттер  мен  пединституттардың 
арнаулы  кафедраларында  зерттелуде,  осы  ғылым  саласындағы  үздік  ғылыми 
еңбектері  үшін  СЛ.  Рубинштейне  1940  жылы,  Соколянский  мен  Мещеряков-
гарға  1980  жылы  Мемлекеттік  сыйлықтар  берілді.  Елімізде  психология 
кадрлары  көптеген  университеттерде  даярланады.  1957  жылдап  бастап 
психологтардың  Бүкіл-одактық  қоғамы  жұмыс  істеді.  Диссертациялық 
зерттеулер  үшін  психология  ғылымының  кандидаты,  докторы  деген  арнайы 
ғылыми атақтар беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет