Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Тұлғаның  даралық-типологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет36/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#24481
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

 
1.4.Тұлғаның  даралық-типологиялық ерекшеліктері.  
Жоспар 
1.  Темперамент,  мінез және қабілет.   
2.  Темперамент анықтамасы.  
3.  Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде.  
4.  емпераменттің анықтамасы.  
5.  Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.   
6.  Темперамент пен мінездің ара қатынасы. Мінездің анықтамасы.  
7.  Мінез акцентуациясы және тәрбие. «Ұлттық мінез» ұғымы.  
8.  Тұлғаның қабілеті және нышандары. 
 
Негізгі  түсініктер:  темперамент,    мінез,  қабілет,  холерик,  сангвиник, 
флегматик, меланхолик.   
Темперамент-нерв  жүйесінің  тума  қасиеттерінен  туындайтын 
адамның  жеке  өзгешеліктерінің  бірі.  Ол  адамдардың  эмоциялық 
қозғыштығынан, 
қимыл-қозғалысынан, 
жалпы 
белсенділігінен 
жақсы 
байқалады.  Темперамент-  организмнің  физиологиялық  өзгешеліктерімен, 
әсіресе  жоғары  нерв  қызметінің  тума  қасиеттерімен  шарттас  психикалық 
құбылыс.  Темперамент  адамның  жалпы  қозғалысынан  да  (мәселен,  біреулер 
шапшаң  қозғалады,  тез  қимылдайды,  енді  біреулер  жай  қимылдап,  асықпай 
істейді),  психиканың  күші  мен  тереңдігінен  де  (мәселен,  біреу  өжет,  алғыр 
болса,  екінші  біреу  керісінше,  сылбыр,  жігерсіз  болады),  адамның  көңіл-


 
 
күйінің ерекшеліктерінен  де  (салмақты,  тұрақты,  жеңіл,  тұрақсыз  т.б.)  эмоция 
сезімдеріне  де  (біреу  сабырлы,  екінші  біреу  күйгелек  т.б.)  жақсы  байқалып 
отырады. 
Темперамент  туралы  алғашқы  ой-  пікірлер  ғылымда  өте  ерте  кездің 
өзінде-ақ  айтыла  бастады.  Ежелгі  Грецияның  белгілі  ғалымы,  дәрігер 
Гиппократтың  (б.э.д.  460-356)  еңбектерінде  бұл  жөнінде  біраз  пікірлер 
айтылған.  Гиппократтың  ойынша,  әр  түрлі  темпераменттер  адамдар  мен 
жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: 
денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь), құрғататын- 
бауырдағы  сары  өт  (талақ).  Осы  төрт  түрлі  сұйықтың  араласуының 
пропорциясын  грекше  «красие»  деп  атаған.  Ал  латын  тілінде  кейін  бұл 
терминді темпераментум деп атап кеткен. 
Сөйтіп, гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр 
түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың біз – бірінен аз – көптігіне 
байланысты  деп  түсінген.  Мәселен,  организмде  қанның  пропорциясы  артық 
болса,  ол  сангвиникалық  (латынша  «сангиус»  -  қан),  ал  шырын  басым  болса 
(грекше «флегма» - шырын), флагметик темперамент деп; ал организмде қара 
өт  басым  болса  меланхолик  (грекше  «мелай  –  нехоле»  -  қара  өт),  организмде 
сары өт басым болса, холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған. 
Гиппократ  организмдегі  сұықтардың  бірінен  екіншісінің  басым  болуы 
кейбір  аурулардың  шығу  тарихын  түсіндіруге  де  жарайды  деді.  Ол  мидың 
ролін  түсіне  білді,  оны  бездердің  бірі  деп  санады.  Бұл  –  адамның  жеке 
ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді. 
Рим  дәрігері  Гален  (129-199)  темпераменттің  санын  он  үшке  жеткізеді. 
Гален  организмде  жылылыұқ  неғұрлым  басым  болса,  адамның  темпераменті 
күшті  болатынын,  денесі  салқын  болса,  темпераменті  баяулайтынын  айтты. 
Бұл  секілді  түсініктердің  прогрессивтік  маңызы  зор.  Өйткені  адамның  тәнін 
зерттеу,  тәжірибеге  көңіл  аудара  бастау  –  сол  кезде  кең  жайылған,  жан  тәнге 
байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді. 
Орта  ғасырдағы  ғалымдар  темпераментті  организмдегі  химиялық 
заттардың  құрамына  байланысты  түсіндіруге  тырысты.  Кейіннен  темперамент 
организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы 
жүйеснің  құрылысына,  зат  алмасуға,  ішкі  секреция  бездеріне  т.б.  байланысты 
деген  пікірлер  де  тарады.  Неміс  филослфы  И.  Кант  (1724-1804)  өзінің 
«Антропология»  деген  еңбегінде  темпераменттің  төрт  түрі  туралы  толық 
психологиялық  сипаттама  берді.  Бірақ  ол  темперамент  пен  мінез  ұғымдарын 
бір- біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды. 
Темперамент  туралы  теориялар  XIX  ғасырдың  аяқ  кезінде  де  кең  өріс 
алады. Мәселен, неміс антатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы нерв 
жүйесінің  тонусына  байланысты  десе,  орыс  антропологы  Зеланд  Н.Л.(1833-
1902)
1
,  ми  қабықшасындағы  молекулярлық  қозғалыстың  жылдамдығы  мен 
біркелкілігіне  байланысты  деді.  Көрнекті  орыс  педагогы  П.Ф.Лесгафт  (1837-
1909) темпераментерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты 
деп  тұжырымдады.  Темпераменттердің  физиологиялық  негіздерін  ғылыми 
тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П Павловтың  ілімі темперамент 
туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. 


 
 
Нерв жүйесінің типтеріми қабығындаы қозу, тежелу процестерінің  үш 
негізгі  белгісінің  (күші,  тепе-  теңдігі,  қозғалғыштығы)жиынтығынан 
құрастырылады. 
Нерв  процестерінің  күшіне  –  ми  қабығының  жұмыс  істеу  қабілеттілігі, 
яғни  сыртқы  ортаның  түрлі  тітіркендіргіштеріне  мидың  төзімділігі  жатады. 
Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін 
айтады.  Нерв  прцестерінің  қозғалғыштығы  деп  олардың  бірінің  екіншісіне 
алмаса алу қабілеттілігін айтады. 
Сөйтіп  И.П. Павлов  ілімінің айтуынша, нерв жуйесінің әрбір типінің  үш 
белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі- ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип – 
жұмыс  істеу  қабілеті  күшті,  қозу,  тежелу  процестері  бір-  бірімен  сәйкес 
келмейтін  (қозу  ылғи  да  басым  келіп  отыратын)ерекше  қозғалыстағы  тип. 
Күшті  типтердің  екіншісі  –  ширақ  типтер  деп  аталынады.  Мұнда  қозу  мен 
тежелу  бір  –  біріне,  тең,бірақ  алмасуы  сараң  баяу  қозғалыстың  тип.  Әлсіз 
типте  қозу  мен  тежелу  процестері  баяу  көрініп  отырады.  Күшті 
тітіркендіргіштердің әсерінен  туатын  шектен  тыс  тежеулер  де  әлсіз  типте  жиі 
болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі 
әсерлерге  төзімді  келсе,  әлсіз  тип  морт  сынып  кететін  болады.  Павлов  ашқан 
нерв  жүйесінің  негізгі  типтері  темпераменттердің  физиологиясын,  негіздерін 
жақсы  түсіндіреді.  Павлов  сангвиниктерді—ширақ,  нерв  жүйесі  күшті,  қозуы 
тежелуі  тең,  қозғалғыш  адам;  холериктерді  –  ұстамсыз,  нерв  жүйесі  күшті, 
қозуы  тежелуінен  басым;  флегматиктерді  нерв  жуйесі  күшті,  қозуы  мен 
тежелуі  бір  –  біріне  тең  болғанмен,  қозғалысы  баяу  адамдар  десе; 
меланхоликтерді – нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады. 
И.П.  Павлов  осы  айтылған  негізгі  типтерден  басқа  да  аралас,  көшпелі 
типтердің  кездесетіндігін  айтты.  Мәселен,  ұстамсыз  типтің  өзінен  қозуы 
ерекше күшті, тежелуі бірдей күшті (бірақ аз болса қозуы басымдау тұратын), 
сонымен  қатар  қозу  мен  тежелуің  күшті  тепе-тең  келетін  варианттары 
байқалған.  И.П.  Павлов  жануарлардың  нерв  жүйесінің  типін  айыру  үшін 
жасаған  тәжірибесінің  кейбір  қорытындылары  адам  темпераменттерінің 
физиологиялық  негіздерін  түсінуге  толық  жарайтындығын  көрсете  келіп, 
темпераментке  мынандай  анықтама  береді:  «Темперамент  жануарлар  мен 
жеке  адамның  жалпы  сипаттамасы,  әрбір индивидиумның  барлық әрекетіне 
белгілікейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы» 
1

Соңғы  жылдары  көрнекті  орыс  психологы  Б.М.  Тепловтың  (1896-1965) 
лабораториясында  нерв  жүйесінің  типтері  одан  ары  зерттеле  түсті.  Егер  И.П 
Павлов  өзінің  тәжірибесін  жануарларға  жасаған  болса,  Б.М.  Теплов  пен  оның 
шәкірттері  осындай  тәжірибені  адамдарға  жасады.  Бұл  зерттеулерде  И.П. 
Павловтың  нерв  жүйесінің  төрт  түрлі  типі  туралы  ілімі  адамдардың  жеке 
өзгешеліктерін,  әсіресе,  оның  темпераменттерін  анықтауда  ерекше  маңыз 
алатын  бірден-  бір  ғылыми  теория  екені  тағы  да  дәлелдене  түсті.    Б.М. 
Тепловтың  шәкірттерінің  бірі  В.Д.  Небылицин(1930-1972)  осындай 
зерттеулердің  бірінде  нерв  жүйесінің  әлсіз  типінің  өзі  бірнеше  варианттарға 
бөлінетінін  анықтап  берді.  Бұрын  өмір  сүруге  икемсіздеу  деп  саналатын  осы 
әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер 


 
 
деп  бөлінетін  болды.  Әлсі  типтің  де  сезімталдығы  күшті  екндігі,  осыған  орай 
оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі зерттелді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет