Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Тәртіптілік пен жинақылық



Pdf көрінісі
бет34/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#24481
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   101
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

Тәртіптілік пен жинақылық 
Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр 
уақытта  коллектівтің  ырқына  бағындыра  алу  қабілеті.  Адам  неғұрлым  өз 
қылығының  қоғамдық  мәнін  жақсы  ұғынса,  соғұрлым  зор  сеніммен, 
белсенділікпен  әрекет  етіп,  өзінің  Отан  алдындағы  жауапкершілігін  жақсы 
түсінеді.  Жекешіл,  ұжымнан  оқшауланып  жүретін  адамда  тәртіптілік  жағы  аз 
болады. 
Кісінің 
тэртіптілігі 
оның 
жинақылығымен, 
іс-әрекетінің 
жоспарлығымен  тығыз  байланысты.  Адам  әр  уақытта  бір  іске  кірісірде  оны 
мұқият  жоспарлап  алады.  Адамның  тәртіптілігі  мен  жинақылығы  оның 
қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады. Оқушыларда 
еріктің  осындай  тамаша  қасиетін  тәрбиелеуде  біз  әр  уақытта  да  өзімізге  ұлы. 
Оның  ерекше  тәртіп  сақтағыштығы  мен  жинақылығы  жөнінде  А.А  андреев 
былай  дейді:  Оқушыларды  тәртіптілік  пен  жинақылыққа  тәрбиелеу  дегеніміз 
олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше 
мән беріп отыруға үйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың 
қанына «сіңіріп» отыру деген сөз. 
Ерлік 
Ерлік  дегеніміз  алға  қойған  мақсатына  шексіз  сенген,  сол  жолда  атық 
демі  біткенше  бел  байлаған,  моральдіқ  рухы  жоғарыадамның  ғана  қолынан 
келетін  қасиет.  Сонымен  қатар  ерлік  –  батылдық  пен  ұстамдылықтың, 
табандылық  пен  тез  тоқтамауға  келгіштіктің  адамның  басында  ойдағыдай 
тоғысуы.  Ерлік  істеген  сәтте  адам  тіпті  өзіне  өлім  қаупі  төнсе  де 
сасқалақтамайды,  өз  рухын  жақсы  ұстай  алады,  басына  түскен  ауыртпалықты 
мойымай  көтереді,  өз  мақсатын  асыл  мұратына  бағындырып,  мұны  ең  негізгі 
борышым  деп  есептейді.  Ерлік  көбінесе  қоғамдық  мәні  бар  істерде  көрінеді. 
Сондықтан  да  ол  адамның  өз  халқына,  Отанына  қалайша  берілгендігін 
сипаттайтын  негізгі  көрсеткіштердің  бірі  болып  табылады.  Қазақ  халқының 
тарихындада  кір  жуып,  кіндік  кескен  жерін  көздің  қарашығындай  сақтап, 
басқынщы  жаудан  асқан  ерлікпен  қорғай  білген  небір  батыр  тұлғалар  көптеп 
кездеседі.  Мәселен,  Күлтегін,  Едіге  Қарасай-Қази,  Қобыланды,  Ерсайын, 
Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Жанқожа, Кенесары, Наурызбай, Исатай, 
Махамбет, Амангелді, Бауыржан т.б. осылар секілді өр рухты, намысты қолдан 


 
 
бермей  шыбын  жанын  туған  жері  үшін  құрбан  еткен  қас  батырлардың 
бейнелері  қазіргі  егеменді,  тәуелсіз  елдің  жас  ұрпақтарыіздесе  таптырмайтын 
өнеге. Ерліктің осындай сапасын қалайша тәрбиелеу керектігі жөнінде ұшқыш 
ғарышкер  А.  Николаев  былай  дейді:    «...Бұл  орайда  пәлендей  бір  рецепт 
берудің  өзі  қиын-ау.  Меніңше,  тек  адам  бала  кезінен  бастап-ақ  батылдыққа, 
қайсарлыққа, көздегеніне жетпей тынбайтындай өжеттікке, ұстамдылыққа үйір 
болып  өскен  жөн.  Ерлік  дәстүріне  тәрбиелену  -  өмірдің  өзі  біздің  алдымызға 
тартып отырған қиындықтарды жеңу деген сөз». 
Осы  айтылғанерік  сапалармен  әр  адам  өз  басын  тәрбиелей  алады. 
Бастауыш  класс  оқушыларын  да  осыған  баулу  қажет.  Мәселен  баланың  өзіне 
серт беруге, міндеттеме алуға, өзі  ісін  мақұлдап не айыптап отыруға, қажетсіз 
істен  бас  тартып,  одан  тежеуге  үйрету  өзін-  өзі  тәрбиелеуіне  үлкен  көмек 
тигізеді.  Әрине  бұған  мұғалімнің  дұрыс  басшылығы  керек.  Орыстың  ұлы 
педагогы  К.  Д  Ушинскийдің  жас  кезінде  өзін  тәрбиелеу  мақсатында  жасаған 
жоспары көңіл аударарлықтай. Ол жоспар мына төмендегідей: 
1) Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу. 
2) Сөз бен істе әділ болу. 
3) Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы. 
4) Тоқтамаға келе алу. 
5) Өзінің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау. 
6) Уақытты  мақсатсыз  өткізбеу,  кездейсоқ  іске  ұрынбай,  тек  көңілге 
алған ісіңмен ғана айналасу. 
7) Қажетті,  не  ұнамды  нәрсеге  ғана  бой  ұсыну,  көрсе  қызарлыққа 
салынбау. 
8) әр кеш өзінің істеген іске мұқият есеп беріп отыру. 
9) Еш  уақытта  да  өткендегі,  не  қазіргі,  не  алда  болатын  ісіңмен 
мақтанбау. 
10)  Осы жоспарды ешкімге көрсетпеу». 
Балалардыңбойына  кез  келген  ерік  сапаларын  қалыптастыра  беруге 
болмайтын  түсінікті.  Ерік  сапаларының  мазмұны  қандай,  олар  неге 
бағытталған, қоғамдық пайдалы әрекет жасауға бағытталған ба, әлде жеке қара 
басының мүддесін көздеуге бағытталған ба- міне, негізгі мәселе осында. 
Егер  бала  түрлі  кедергілерді,  қиыншылықтарды  жеңуде  барлық  күш-
жігерін,  тек  оз  мүддесіне,  қара  басына  пайдаланатын  болса,  онда  мұндайды  
корінетін  ерік  сапаларының  ешбір  қоғамдық  мәні  болмайтындығы  белгілі. 
Бұзақы  адамның  сотқарлығы,  қоғам  мүлкін  тонаушы  ұрының  жылпос 
айлакерлігі,  қиқар  адамның  орынсыз  қасарыспалығы  жақсы  ерік  сапалары 
емес.  Өйткені  осы  соңғы  айтылғандар  өзінің  мазмұны  жағынан  ешбір 
адамгершілік  қасиетке  сиыспайтын  сапалар.  Сондықтан  да  адамдарға  тән 
жоғарғы  ерік  сапалары  туралы  мәселе  қойғанда  әр  уақытта  да  олардың 
моральдік салмағының қандай екендігін еске алып отыру қажет. 
Әр  түрлі  ерік  сапалары  бір-бірімен  байланыспайтын      оқшау  жатқан 
нәрселер  емес,  барлығы  да  адам  бойынан  табылатын,  оның  жеке  басының 
бағытына,  дүниетанымы  мен  сеніміне,  мінез  бітістеріне,  темпераментіне, 
қабілетіне  тағы  да  сондай  психологиялық  ерекшелігіне  байланысты  түрліше 
жағдай  қабысып  келіп  отыратын  қасиеттер.  Бір  адамның  басында  ерік 


 
 
сапаларының бірнешеуі қиысып келіп отырады. Мәселен, өртеніп жатқан үйдің 
ішінде қалған баланы алып шыққан адамның басынан батылдықты да, тоқтамға 
келгіштікті  де,  шапшаңдықты  да,  өзін  меңгере  алушылықты  да  байқау  осы 
айтылған пікірге жақсы дәлел. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет