Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


  Денсаулыққа көңіл бөлу тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде



Pdf көрінісі
бет42/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#24481
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101
8.  Денсаулыққа көңіл бөлу тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде. 
 
Негізгі  түсініктер:  кәсіп,  кәсіби  маман,  маман,  дағдарыс,  кәсіби  дағдарыс, 
кәсіби сәкестік 
 
Болашақ  мамандарды  кәсіби  даярлау  орта  арнаулы  оқу  орындары  мен  жоғары 
оқу орындарының міндеті. Сондықтан «мен осындай маман иесі боламын» деп 
таңдау  жасап  білім  ордасында  оқып  жүрген  білімгерлерге  жан  –  жақты 
мақсатты  педагогикалық  ықпалдар  жасау  оқытушылар  мен  ата  –  аналардың 
ынтымақтастығына да көп байланысты. Сонымен қатар, оқу  – тәрбие үрдісінің 
мазмұны  өте  бай,  бүгінгі  күні  өмір  талабына  сай  ұйымдастырылып, 
білімгерлердің  ішкі  жан  дүниесіне,  іс  –  әрекеттері  мен  қызығушылық  бағыт  – 
бағдарына  негізделуі  тиіс.  Сондықтан,  ертеңгі  болашағымыз  –  еліміздің 
тағдыры болашақ жас маманның бүгінгі  тәрбиесіне байланысты. Жан  – жақты 
білімді, парасатты, саналы адамзатты тәрбиелеп шығару, олардың жан дүниесін 
әлемдік  өркениетке  сай  рухани  қазыналар  мен  байыту,  халықтың  педагогика 
дәстүрінің  озық өнегелерін ой  –  санасына  орнықтыру  бүкіл ел  –  жұрт,  ауыл  – 
аймақ, отбасы, қоғамдық мекемелер және де болашақ жас маман жолын таңдай 
білуіне  ықпал  ететін  бірден  –  бір  кәсіби  арнаулы  оқу  орнының  яғни, 
техникалық  колледждердің  атқаратын  аса  жауапты  міндеті  екені  анық. 
Білімгерлер  оқу  орынында  алған  білімін  жадында  тоқып,  оқытушы  үйреткен 
еңбек түрлеріне қызығып үйрене білсе, сонда ғана ол мамандық жолын таңдай 
білер еді. 


 
 
Қазіргі  кезде  қоғамда  болып  жатқан  бетбұрыстар,  саяси  көзқарастар  аясында 
еліміздің  тарихын  шынайы  тұрғыда  танып  –  біліп,  салт  –  дәстүріне,  рухани 
мұрасына құрметпен қарау ерекше маңызға ие. 
Мамандық  белгілі  бір  меңгерілетін  білім  және  дағды  негізінде  кейбір 
еңбекке  қабілеттің  дамуын  талап  етететін  еңбек  актілерінің  жиынтығы.  Бұл 
ұстанымның  арнайы  әдістемелік  және  практикалық  құралдары:  қағидалары, 
зерттеу  әдістері,  мамандық  туралы  ақпаратты  жинап  сипаттау  және  талдау 
сызбасы  болды.  Қазіргі  профессиографияның  дамуында  кәсіптік  іс-әрекетті 
психологиялық 
зерттеудің  мынадай  технологиялық 
типтерін 
бөліп 
қарастыруға  болады.  Біріншісі-операциялық-технологиялық;  екіншісі-жүйелі 
операторлық-психологиялық;үшіншісі-жүйелі 
субъект-іс-әрекеттік. 
Алғашында  профессиография XX ғасырда 
мамандықтың 
суреттемелік-
техикалық  және  психофизиологиялық  сипаттамасына  жататын  барлық 
білімдердің жиынтығы ретінде қарастырылды. 
Басты  принциптерінің  бірі  -  түрлі  практикалық  міндеттер  мен  әрекеттің 
арнайы  ерекшеліктерінен,оның  өту  жағдайынан  және  ғылыми  тану 
мақсатынан  тұратын  еңбек әрекетін сипаттайтын  дифференциациялық зерттеу 
принципі.  Бұл  приицип  зерттеушіні  нақты  практикалық  мақсатты  шешу  үшін 
қажетті  ақпаратты 
жинауға 
бағыттап, 
зерттеу 
әрекетінің  көлемімен 
қатар  зерттеу құралдарын да іріктеуге негіз болады. 
Кәсіптік  профессиографиялау  принципі,  мұндай  зерттеудің  кешенді 
әдістермен  жүргізіледі  (бақылау,  сұрақ  қою,  құжаттармен  танысу,  еңбек, 
өмірбаяндық,  статистикалық  т.б..),  сол  арқылы  эксперимент  әдісі  қойылған 
міндеттер 
мен 
оны 
шешу  жолдарының 
дұрыстығын  бақылайды. 
Профессиографиялық 
ұстанымда  принциптер 
және  әдістермен 
қатар 
субъектінің  еңбек  әрекетін  сипаттайтын  және  зерттейтін  бағдарлық  жүйелі 
cызба болды. 
Кәсіптік  іс-әрекет  түрінің  көптігі,  сондай  –ақ  қазіргі  қоғамның 
дамуындағы  еңбек 
жағдайының 
өзгеруіндегі 
әлеуметтік-техникалық, 
әлеуметтік-экономикалық  және  әлеуметтік-психологиялық  динамика  кәсіптік 
қызметін жаңадан бастайтын психолог үшін  /мұның бәріне бірден үйрену/  өте 
күрделі.  Сөйткенмен  қазіргі  еңбек  нарығы  психологтан  практикалық 
міндеттерді   сенімді  әрі  тез  шешуді  талап  етеді.Осы  жағдай  және  қазіргі 
психология 
ғылымының  теориялық-әдістемелік 
негізі 
жүйелі 
профессиогрфиялаудың  бағдарлық  схемасын  жасауды  талап  етті.  Жүйелі 
профессиографиялау схемасы-сызбасы кәсіби іс-әрекеттің  еңбек субъектісі мен 
еңбек  объектісінің  қатынасын  қамтамасыз  ететін  жүйе  ретіндегі  құрылымын 
ашады.  Қатынас  еңбек  объектісінің  мотивациялық  даму  бағытымен, 
когнетивтік  бейнелік,  операторлық,  эмоциялық-еріктік  компоненттерінің 
деңгейімен,  сондай  ақ,  еңбек  объектісі  құрылымының  компоненттерінің  өзара 
әрекетін: 
еңбек 
үрдісі, 
кәсіптік 
орта 
мен 
еңбектің 
технологиялық  құрылымын  ұйымдастырумен байланысты. 
Бұл  сызба  бойынша  профессиографалау  былай  жүреді.  Алдымен  берілген 
еңбек  құрылымының  нормативтік  тапсырмалары  қарастырылады,  содан  кейін 


 
 
барып  еңбек  субъектісінің  нақты  құрылымының  көрсеткіштері  (критерилері) 
немесе оның іс-әрекетінің   гипотетикалық үлгісі  құрылады. 
 Еңбек  субъектісінің  көрсеткіштерін  анықтау  үшін:  біріншіден   жалпы 
еңбекті  нәтижелі  орындауды  жүзеге  асыратын  сапалары,  екінші  жағынан 
адамның қабілетінің ұшқырлығы мен мүмкіндіктері талап етіледі 
Сызба 
еңбек 
әрекетін 
үш 
деңгейде: 
нормативтік-
параметрлік,морфологиялық 
және 
функцияналдық-қызметтік  талдауды 
қамтамасыз етеді[1]. 
Нормативтік-параметрлік 
деңгейде 
еңбек 
объектісі 
мен 
еңбек 
субъектісінің  белгілері мен сипаттамалары зерттеледі. 
Морфологиялық  деңгейде  еңбек  посты  және  еңбектің  операциялық-
технологиялық 
құрылымы,  еңбек 
объектісі 
құрылымының 
берілген 
нормативтік  түзілісі  ашылады.  Функционалдық  талдау  деңгейінде  еңбек 
объектісі 
мен 
еңбек 
субъектісінің   нормативтік-параметрлік 
және  морфологиялық 
сиаттары 
кірігіп, 
шынайы 
іс-әрекетте  көрініс 
табады. И.М.Сеченов  қоршаған  ортаны  тануда,  еңбек  әрекетіндегі  бұлшықет 
қимыл-қозғалысының  рөлін  зерттеген  [2].  Адамның  моторлық  іс-әрекетінде, 
оның  индивид  ретінде,  тұлға  ретінде  де  барлық  сипаттамасы  бейнеленеді. 
Барлық  ырықты  және  ырықсыз  қимыл-қозғалыстары  рефлекторлық  іс-әрекет 
процесімен  байланысты. Бұл процестің сызбасы: 
-жүйке импульсін қалыптастыратын рецепторға стимулдың әсері; 
-жүйкелік импульстардың ми қыртыстары орталығына жіберілуі; 
-жағдайды  бағалау  немесе  шешімді  қабылдау,  бұйрықты  ми  қыртыстарының 
қимыл-қозғалыс орталықтарына жіберу; 
-қимыл-қозғалыстың  барлық  процесінің  нәтижелерінде  бұлшықеттерге  бұйрық 
жіберу. 
        Қимыл-қозғалыстың 
тиімділігінің  көрсеткіштері 
қимыл-қозғалыстың 
жылдамдығы және дәлдігі болып табылады. 
          Еңбек процесінде барлық қимыл-қозғалыс еңбек құралына және іс-әрекет 
түрлеріне  бейімделеді.  Адамда  іс-әрекеттің  сол  немесе  басқа  түрін  сәтті 
орындауын анықтайтын жетекші қимыл-қозғалыс сапасы қалыптасады. 
 Өндірісті  автоматизациялауда  техникалық  прогресс  нәтижесінде  еңбек 
сипаты  және  мамандықтар  пайда  болды:  жөндеуші,  реттеуші,  отератор  және 
тағы  баска  іс-әрекетті  орындауда  сенсорлық  жүйеге  жүктеме  арта  түсуінен 
қимыл-қозғалыстың жылдам және дәл болуы қажет. 
 Ғылымда даму материя мен сананың жалпы қасиеті деп есептелінеді. Ол 
бір уақытта үш сипаттамаға ие: өзгеруші обьектінің дамуындағы болып жатқан 
қайтымсыздылық, бағыттылық  және  заңдылық.  Сонымен  қатар  дамытудың 
негізгі  сипаттамаларының  бірі  уақыт,  дамытудың  бағыттылығын  анықтайтын 
уақыт шеңбері [3]. 
Демократиялық қоғамда әр тұлғаның өз қалауы бойынша мамандық таңдап, 
кәсібін  анықтауына  жағдай  жасалған Сөткенмен  қазіргі  таңда  мамандық 
таңдауда,  жастардың  еңбекке  беймділігн  анықтауда  бұл  көрсеткіштерге  нақты 
мән беріле бермейді. 
Мысалы  кізіргі  кезде  педагогикалық  мамандықты  таңдауда,  жоғары  оқу 
орнына  түсуде  басты  көрсеткіш  ұлттық  бірыңғай  тестілеу  қоытындысында 


 
 
алған  балына  байланысты.  Әрине,  жалпы  білім  деңгейін  анықтауда  бұл 
шараның  өзіндік  мәні  және  атқаратын  функциялары  бар.  Өкінішке  қарай 
үміткер сертификатындағы балының көрсеткішіне қарай  мемлекеттік тапсырыс 
бойынша  оқуға  мүмкіндгі  бар  мамандықты  таңдайды.  Бұл  жерде  балл 
көрсеткішінен  басқа  кәсіптік  профессиографалау  сапалары,  құндылықтар 
ескерілмейді. 
Құндылықтар  бірлігі  дегеніміз  –  іс-әрекет  мақсаты  және  міндеттеріне 
жетудегі  маңызды  адамгершілік  және  іскерлік  аймағындағы  позициялардың 
және бағалаулардың жақындағы. 
Кәсіптік  құндылықтардың  дамуын  зерттеуде  студенттердің  оқу 
мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер  әсер ететеді: 
- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі; 
- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы; 
- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық; 
-қоршаған 
адамдардың 
пікіріне 
тәуелсіз 
қызығушылықтарының 
тұрақтылығы; 
- мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы; 
- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы; 
-  мамандықты  таңдаудағы  өз  мүмкіншіліктерін  бағалауы,  өмірлік 
позициясын түсінуі; 
-  әлеуметтік  және  танымдық  мотивтердің  біртұтастығы  ретінде 
студенттің өз дүниетанымын түсінуінің адекватты болуы [4]. 
Қазіргі  кезде  жастардың  мамандық  таңдауын  анықтаушы  бірнеше 
факторлар  бар.  Олар  негізінен:  әлеуметтік  фактор  және  психологиялық 
факторлар.  Әлеуметтік  фактор  мамандыққа  деген  қоғамның  сұранысынан 
туындайтын  жағдай.  Мұнда  тұлға  жұмыссыз  қалудан  қашқақтау  негізінде 
таңдау алға шығады. Себебі, қоғам сұранысы тұлғаның кәсіби хабардарлығына 
ықпал 
етеді. 
Ал, 
психологиялық 
фактор 
тұлға 
көзқарастарының, 
қызығушылықтарының  негізінде  мамандық  таңдау.  Бұл  жағдайда  тұлға  өз 
қабілетін  ұғынуы  өмірлік  мәнді  кәсіби  құндылықтар  қалыптасудың  басты 
шарттарының бірі. 
Тұлғаның  кәсіби  құндылықтары  жалпы  даму  сатыларының  негізін 
құрайды.  Сондай-ақ,  тұлға  болып  қалыптасуда  кәсіби  құндылықтар  мамандық 
туралы  жағымды  қатынастардың  туындауына  әсер  етеді.  Құндылық 
бағдарлар  үйлесімді  тұлға  ретінде  дамуына  үлкен  ықпал  етеді.  Сондықтан, 
әртүрлі  даму  сатысында  тұлғаның  кәсіби  құндылықтарының  дамуын  зерттеу 
болашақ  мамандардың  белгілі  салада  өзінің  әлеуетін  жүзеге  асыру  үшін 
маңызды  мәселелердің  бірі. Адамның  өмірі-  рухани,  физикалық,  құндылық, 
байлығы  мен  қауіпсіздігімен  тығыз  байланысты[5].  Кәсіпті  меңгере  отырып, 
тұлға өз мүмкіндіктерін, әлеуметтік ролін, жауапкершілігін ұғынады. 
 Тұлғаның  өзін-өзі  тануының  негізгі  құрамдас  бөліктерін  эксперименттік 
түрде  анықтау  мақсатымен  оның  төрт  негізгі  аумағын  және  олардың 
параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады. 
1.  Тұлғаның  мотивациялық  аумағы:  мінез-құлықтың  және  іс-әрекеттің 
мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер. 


 
 
2.  Белсенділік  аумағы:  интерналдылық,  инициативтілік,  өзіне-өзі 
сенімділік, өзін-өзі таныту. 
3.  Тұлғаның  құндылықтық-мағыналық  аумағы:  құндылықтық  бағдарлар, 
өмірдің мағынасы мен мақсаттары. 
4.  Тұлғаның  этникалық  өзіндік  санасының  аумағы  –  этникалық  жаңсақ 
нанымдардың  негізінде  қалыптасатын  этномәдени  сәйкестілік  [1,  б.  90 
Абульханова К.А. Психология и самосознания личности]. 
      Өзiн-өзi  тану  сияқты  күрделi  психологиялық  феноменнiң  мазмұнына 
қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн 
салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның 
өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi  мен шығармашылық қабiлеттерiн толық 
ашуға  және  дамытуға  үздiксiз  ұмтылысы  [2,  б.  45  Зейгарник  Б.В.  Теории 
личности в зарубежной психологии.].  
       Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, 
маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:  
1.  Қоршаған  орта:  ата-ана,  туған-туыс,  достар  т.б  баланың  іс-әрекетiне 
қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да 
бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады. 
2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы. 
3.  Өзiн-өзi  тану  мен  өзгенi  тану  көбiнесе  әртүрлi  өмiрлiк  жағдайлардан, 
әртүрлi  тесттер  арқылы  жүзеге  асыруға  болады.[3,  б.  9-19  Немов.  Р.С. 
Практическая психология]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет