Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Дағдының дамуы және оны қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет20/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#24481
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101
Дағдының дамуы және оны қалыптастыру 
Жаңа  туған  балада  біраздан  кейін  шартты  рефлекстер  қалыптаса 
бастайындығы  өткен  тарауларда  айтылады.  Мәселен,  белгілі  уақытта 
тамақтануға  үйретілген  бала  (әрбір  үш  сағат  сайын  емізу)  екі-үш  жетіден  соң 
осы  мезгілі  болғанда  ғана  реакция  беретін  болады.  Бұл  жағдай  балада 
қалыптаса бастаған қарапайым дағдының көрінісі. Отыру, еңбектеу, аяқты қаз-
қаз  басу,  жүру,  сөйлесу  т.б.  бұл  айтылғандар  да баланың алғашқы  дағдылары. 
Кейін осылардың көпшілігі автоиатталынып оның әдетіне ауысатын болады. 


 
 
Жас  баланың  дағдылары  мен  әдеттері  үлкендердің  қылығына  еліктеу 
негізінде  қалыптасады.  Еліктеу  арқылы  бала  түрлі  тұрмыстық  дағдыларға 
(бетті,  қолды  жуу,  мезгілмен  ұйықтау,  ойнау  т.б.)  машықтанады.  Бала 
дағдыларының  дамуын  үлкендер  қадағалап  отырмаса,  кейде  олар  ұнамсыз 
әдеттерге  айналып  кетуі  де  мүмкін.  Мәселен,  кейбір  балалардың  ылғи  да 
саусағын  соратыны,  тербеткенде  ғана  ұйықтайтыны  осындай  өз  бетімен 
жіберілген дағдылар. Баланың дағдыларын дамытуда оған әуелі жақсы үлгілер 
көрсетіп, сонан кейін ғана оны жаттықтыра бастаған дұрыс нәтиже береді. 
Баланың  мектепке  түсуі  оның  дағдыларының  белгілі  жүйемен  дамып 
отыруына  мүмкүндік  туғызады.  Мұғалім  балаға  жазу,  оқу,  есптеу  сияқты 
күрделі  дағдыларды  үйрете  бастайды.Осы  айтылғандарға  дағдыландырудың 
бастапқы  жолы  жаттығу  жұмыстарынан  басталады.Жаттығу  жұмыстарында 
ережелер  түсіндіріледі.Бұдан  кейін  бала  ережені  іс  жүзінде  қолдана  білуге 
үйренеді.Мұғалім  сан  алуан  әдістер  мен  арнаулы  жүйелердің  ең  тиімді 
дегендерін  таңдап,оны  бала  дағдысын  қалыптастыруға  қолданады.  Мұғалімнің 
бар  шеберлігімен  ірге  тасы  дұрыс  қаланса,  соғырлым  жақсы,  тыңғылықты 
бекитін  болады.Баланың  ережені  жақсы  түсіне  алуы,  практикада  қателеспей 
пайдалануы, онда дағдының орныға бастағанының белгісі.Енді осы айтылғанды 
мысал  арқылы  түсіндіріп  көрейік.  Мұғалім  балаға  «а»  әрпінің  жеке 
элементтерін қалай жазуға керек екендігін егжей-тегжейіне дейін айтады. Кейін 
мұны  балалардан  сұрайды.Олар  мұны  қалай  жазатындығын  айтып  ережені 
қайталайды.Бала  осы  әріптің  әлементтерін  жазуға  кіріседі.Бұл  аса  жауапты 
кезең. Бұл кезең – Білімді практикада көрсете алу кезеңі деп аталады. Әріптің 
жеке элементтерін жаза алу баланың өз бетімен саналы әрекет жасау алуының 
көрінісі.  Бірнеше  рет  қайталап  жаттығудың  нәтижесінде  бала  әріптің  жеке 
элементтерін  біріктіреді  де  одан  бір  тұтас  әріп  шығарады.Сөйтіп,  бала  осы 
әріптің  жазу  дағдысы  меңгереді.Қалған  әріптерді  меңгеруге  де  осы  жолмен 
жүріп отырады. Мектеп дағдыларының қалыптасу жолы өте күрделі. Мәселен, 
оқу дағдысы дыбыстан буынға, буыннан сөзге, сөзден сөйлемге, жай сөйлемнен 
құрмалас сөйлемге т.б. ауысып отыруы секілді ұзақ жолды керек етеді. 
Бастауыш 
мектеп 
мұғалімдері 
оқушылардың 
оқу,жазу, 
есептеу 
дағдыларымен  бірге  жалпы  дағдыларын  (мұғалімнің  айтқанын  тыңдай  білу, 
сабақта  тыныш  отыру,  тәртіп  сақтау  т.б.)  еңбек  дағдыларында  да  (қағаздан, 
шүберектен,  пластилиннен  т.б.  материялдардан  қарапайым  бұйымдар  жасау) 
әрбір  кластың  және  мұндағы  баланың  дара  ерекшеліктеріне  қарай 
қалыптастырып  отырады.Оқушыларды  дағдыландырғанда  мұғалімнің  үйрету 
методикасының  артуы,  балардың  қатесін  үнемі  сезе  біліп,  жндеп  отыруы, 
олардың алдына мақсатты айқын етіп қоя алуы, оқушылардың білім нәтижесін 
дұрыс  бағалауы,  қатан  талап  қоя  білуі,  бастаған  істі  аяқтап  үйрету  т.б.  ерекше 
маңыз алады. 
А.С.Макаренко  Бұл  жөнінде  былай  дейді:  «Біздің  міндетіміз-мінез-құлық 
мәселеріне  деген  дұрыс  және  ақыллға  сыйымды  қатынасты  тәрбиелеу  ғана 
емес,сонымен  қатар  дұрыс  әдеттерлі,  яғни  әдейі  ойланып  отыруды  керек 
етпейтін,қайта  онсыз  еш  нәрсе  істей  алмайтындай  әдеттерді  тәрбиелей 
білуіміз  керек».  Әдеттерді  тәрбиелеуде  ата-аналар  мен  тәбиешілер  арасында 
бірінғай талап болмайынша істің оңға басуы қиын болады.  


 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет