Мінез бітістері
Өмір жолы мен әректінің сипаты түрліше болатындықтан, адамның мінез
бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп
отырады. Оған қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де
болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара
және типтік бітістерін қоса еске алып отырған жөн. Типтік мінездер- белгілі
тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның ұлттық,
кәсіптік және жас ерекшелігіне байланысты өзгешеліктері де байқалып
отырады.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға
болады:
1) адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді:
коллективизм, гуманизм, қайырымдылық, үйісектік, адалдық және
2) оларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық т.б.
3) адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері: еңбек
сүйгіштік,
құнттылық,
инициативалық,
-
салақтық,
тиянақсыздық,
кертартпалық, т.б. бітістер кіреді.
4) адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың
негізгісі, оларға: кішіпейілдік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя
білушілік, - өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық, т.бт жатады.
5) Адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктерін
құрайтын мінез бітімдері: бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің
жотасы деп атайды.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып
екіге бөлінеді.Күшті мінезге – мақсатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға
келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақтылық, ерлік т.б. жатса,
әлсіз мінезге – негативизм (теріс), иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық,
жүрексіздік, т.б. кіреді.
Мінез, сонымен бірге, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек, бейбастық, итмінез
т.б. түрлерге бөлінеді.
Типтік мінез бітістері.
Типтік мінез бітістерін зерттеу психология ғылымының алдындағы басты
міндет. Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: отанға
берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс
көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, өз борышын және жауапкершілігін түсіну,
қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық,
сергектік, жолдастық т.б. жатқызуға болады.
Типтік мінез бітістеріне мыналар жатады:
1) Отан сүйгіштік – адам бойындағы күш–қуатын, білім мен тәжірибесін
халық мүддесіне лның игілігіне, яғни туған жеріне білдіретін перзенттік
борышы оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Отан сүйгіш қасиетті
қастерлеп әр заман ғұламалары өз ой-түйіндерін осыған бағыштаған. Мысалы:
М. Әуезов: «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім
жоқ » деген, т.с.с. Отаншылдық, ата мекенге деген сүіспеншіліктің негізгі
мазмұны, сонымен бірге имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі
болып табылады.
2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) – бұл бір істі нәтижелі етіп
тындыру. Бұл адамның мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы,
өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына
бағындыра алуы. Үміті мен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана
келешектің құшағында өмір сүре алады. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт-
арманы, алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, оның қабілеті,
таланты да тез, өміршең болып келеді. Ақтамберді жырау айтқандай: «Әркім
өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін» , өйткені тіршіліктің ең қасіреті
мақсатсыз өмір сүру, осы жолда күресті тоқтату. Мақсаткер адам – ылғида
жалындап жанады, ол жеңілу үшін емес, жеңу үшін күреседі.
Борыш пен жауапкершілік – бұл адамның үй іші, әке – шеше, тума –
туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Бұл
кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана – сезімді қажет ететін қасиет.
3) Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен
адамгершілігінің дәредесі байқалады. Борышты сезіну оны орындау, – ми және
жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан
жақсы жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Ер жетіп, есейген
адамның борыш сезімінің оның тілек қалауымен үйлесе бермейтіні, оның
психологиялық көңіл – күйіне ауыр жүк , зіл түсіретіні сөзсіз.
4) Мейірімділік пен ізгілік – осы қасиет бір – біріне үйлескен екі қозыдай.
Бұл қасиет басқаларға (әке – шеше, ағайын, туыс, таныс т.б.) көңіл бөлу,
олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым – қатынас
жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. «К.Бовидің жазғанындай, -бұл
мейірімділік – мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл».
Өзің білетін адамдардың жан дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөліп, оның
талап – тілегіне, талғамына мен қамына көңіл аударып, оның қуанышымен
күйзелісіне аса сезімталдықпен қараған абзал. Адамның ерекще абырой беделі
болмаса да, оның жақсылық нышанын ізгі қадам жасауға ұмтылыс –
талпынысын ескеріп отыру – бір ғанибет. Олай болса, біз өз бойымызға
еішкентайымыздан осы абзал қасиеттерді дарыта жүруді естен шығармайық.
«Адамға қалайда болса, қашанда болса пайда келтіретін ой мен іс ізгілік деп
аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу – адамның жаратылысының
өзінде бар нәрсе» (М.Жұмабаев).
Ізгілікті адам жұрт мүддесіне қайшы келетін, адамзаттың бақытты
болашаққа жетуге бағытталған асыл арманына бөгет жасаушылармен
ымырасыз күресіп отырады. Бұл тамаша қасиет халқымыздың ұлттық
психологиясынан да, аты шулы перзенттерінің жеке бастарынан да
көрінетіндігіне дәлелдемелер жетерлік.
5) Адалдық пен шыншылдық – бұл екеуі бір–бірімен біте қайнасқан кісінің
жақсы мінез бітістері.
Адалдық – сөздің таным мен сенімге ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшы
келмеуі. Шыншылдық – адамның азаматтық борышына, ар-ожданына
қалтқысыз қатынасы. Адал да шыншыл, әділетті болу – еңбек пен білім алуға,
жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікте тиянақты,
принципті болу деген сөз.
Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі әділетті де, кішіпейілділік пен
қайырымдылық, қарапайымдылық етіп жүреді, бұлар кісінің абыройы мен
атына дақ түсірмейді. «Сырты бүтін, іші түтін», яғни босқа көлгірсейтін
көзқарас пен мінездегі түрлі жалған көріністер (екі жүзділік, жарамсақтық,
жалтақтық, күншілдік, іштарлық, мақтаншақтық, тәкаппарлық т.б.) – нағыз
адалдық, шыншылдықпен еш сыйыса алмайды. «Адалдық қайда болса, тіршілік
сонда» (Қ.Насыри), «Шындық ауа, онсыз дем алуға болмайды» (И.С.Тургенов),
«Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді» (Ғ.Мұстафин).
6) Достық – бұл ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда
болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты,тек адамға
тән жоғары сезім. Оның маңызды белгісі - өте берік, әрі терең эмоциялық
жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және
шынайы болу, өзара терең мүдделілік, бір-біріне толық сену, қайғы мен
қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық.
Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де
мүмкін.
Нағыз достық адамға шабыт беріп, бітеседі, өмірде кездесетін түрлі
сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Достық қарым-қатынас, адамға,
әсіресе, балғын балауса шақта аса қажет. Дос іздеу – асқақ арман мен таудай
талап, шексіз-шетсіз үмітке толы жас дәуреннің ерекше сезімі. Өзара пікір
алысудың, сенім-нанымдарды қалыптастыру мектебі.
Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу.
Мінез бітістерінің алғашқы нышандары мектеп жасына дейінгі кезеңде
көріне бастайды. Олардың мазмұнды, рольдік ойындарынан мінез бітістерін
көрсететін жолдастық, ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға
болады. Жас балалар мінез бітістерінің көпшілігі ересек адамдардың ісіне,
мінез-құлқына, өнегесіне еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешілер
мен оқытушылар жеке басының өнегесі, беделі балаға дұрыс із қалдыратындай,
үлгілі болулары өте қажет.
Эксперименттік зерттеулер алты-жеті жасар балалардың өз мінез құлқын
біраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар
бөбектерде көрінбейтіндігін байқатады.Бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі
түрде дамытып отыратын негізгі орын – мектеп болып табылады.Мектептік
өмір балалардың мінез – құлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады.
Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет – олардың жан-жақты
болып өсуін, мінез-құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын кездестіру.
Мінез тәрбие – жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне
көмек көрсету деген сөз.(М.Жұмабаев)
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді.Осындай
әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету , яғни сөзбен ұғындыру әдісі
жатады. Осы әдіс арқылы оқушылардың дүниетанымын, сенімін, талғамы мен
мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Оған қоса көркем әдебиет, газет-
журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен
пайдаланып отыру – мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар.Бала мінезін
тәрбиелеуде жанұяның, ұжымның, ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны да
ерекше.Осы әдістердің ішіндегі негізгілері мыналар:
1) Халқымыздың әр заманда өмір сүрген ірі ғұламалары мен ардагер
перзенттерінің
үлгі-өнегелеріне
тәрбиелеу
(Әл-Фараби,Асан-
Қайғы,Қабанбай,Бөгенбай батыр, Абылай,Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би,
Амангелді батыр т.б.).
Бұлардың өмір жолы, моральдық тұлғасы – жоғары идеялықтың, батылдық
пен ерліктің, табандылықтың,ұстамдылықтың, халық ісіне берілгендіктің
өнегелері.
Ұлы адамдардың өмірі туралы балаларға әңгіме айту, олардың осы
тақырыпқа байланысты кітап оқуына дұрыс басшылық жасап, бағыт беру,
оқығандары жайлы әңгімелесу, пікірлерін тыңдау, мұғалімнің тәлім – тәрбие
жұмысынан ерекше орын алуы қажет.
2) Балалар ұжымы оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдете
түсетін шешуші фактор. («Атамекен» т.б. ). Ұжым адамның алдына мақсат қоя
білуді, сондай-ақ ол мақсатты қалай орындау керектігін көрсетеді. Ұжым
адамға жол көрсетіп қана қоймайды, оны теріс қылықтан да сақтандырады,
түрлі қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседі.
А.С.Макаренко адам мінезінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі
төреші – қоғамдық пікір тұжырымдады. Ұжым ішіндегі тәрбиеде түрлі
әдістерді өте шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандарды ұжым
талқысына салды.
А.С.Макаренконың шәкірт мінезін тәрбиелеудегі шебер әдістерін пайдалана
білу әр мұғалімнен шығармашылықты талап етеді. Ұжымшылдық сезім 7-8
жасар балада онша дами қоймайды. Бұлар «біз» деудің орнына «мен» деп
айтқанды жақсы көреді.Мыс: Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған бала
мұғалімнің бүкіл класқа жасаған ескертуін өзіне қатысы жоқ деп қабылдайды.
Балаларға «біздікі» деген ұғымды үйретудің өзі мұғалімнің үлкен шеберлігін
қажет етеді.Бұндай жағдайда мұғалім барлық нәрселердің жалпы жұртқа
ортақтығына баса назар аударады.
3) Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудегі еңбек әрекетінің орны.
Адам еңбек үстінде өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге
өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы
адамның өзіне-өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан
әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы
қалыптасады.Адам тек еңбек ету арқылы ғана өзінің алдына қойған мақсатын
айқын сезіне алады және оған жете алатындығына сенімі мол болады.
4) Оқушыларға талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалау.
Адамға тіпті кішкентай кезінен бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер
жүктеп отыру оны жауапкершілікке, өзінің борышын түсіне білуге тәрбиелейді.
Талап қоюдың түрлі әдістерін адамның дара ерекшеліктеріне қарай әр
жағдайда түрліше пайдаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрі
балаға өз міндеті туралй жайлап түсіндіру,ал мұның жоғары түрі кесімді түрде
бұйыру. Балаға дұрыс талап қоя білумен қатар , оның іс-әрекетін қадағалап
отыру қажет. Бақылау жүргізу оқушының жауапкершілігін арттырады, өзіне
деген сенімін арттырады.Мінезді тәрбиелеуде адамның қол жеткен табыстарын
уақытында көре біліп, оны мадақтап отырудың маңызы зор. Мұның ең
қарапайым түрі – мақұлдау( «жақсы», «дұрыс»). Егер адамның ісі мақұлданып
тұрса, ол әрекет етуге онан сайын ынталана түседі.
Баланың мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын кезінде
көре біліп,ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып отырған да жөн. Жазалауды
да мадақтау сияқты ептілікпен, ерекшк байсалдықпен қолдану қажет. Әділ
жазалау баланы қатты ойландырып, мінез-құлқын өзгерте бастауға себепші
болады. Орынсыз жаза баланы ашулы, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ,
селсоқ күйге түсіруі мүмкін.
5) Оқушының мінез бітістерінің қалыптасуында дене шынықтыру
жаттығулары мен тұрақты күндік режимінің тигізетін әсері.
Дене шынықтыру жаттығулары адамдарды ерлік пен батылдыққа,
табандылық пен өз күштеріне сене білуге тәрбиелейді.
Оқытушылар дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды түрлі
кедергілерді жеңе білуге сенімін арттырып, жаттығу сабақтарын методикалық
шеберлілікпен өткізіп отыруы тиіс. Оқушыны үнемі жеңіске жету рухында
тәрбиелеу, бастаған істі аяғына дейін апаруға машақтандыру, оның дене бітімі
мен спортқа деген сүіспеншілігін арттыру – бұл бір жағынан баланы күшті ерік
пен жақсы мінезге тәрбиелеп отырудың жолы екенін естен шығармауымыз тиіс.
Осы айтылған әдістерін әр мектептің, әр баланың, әр сыныптың өзіндік
ерекшеліктеріне қарай лайықтап пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |