С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар,
психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара
байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген.
Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы,
мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi [4, б. 36
Кондратьева С.В. Межличностные понимание и его роль в общении:
Автореферат].
Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi,
тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған
адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында
тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты
адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi [5, б. 101Десен Л.Н.
Некоторые социально-психические особенности школьников юнешеского
возраста ].