Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі. Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекетпен байланысы айқын көзге түседі.
Бірақ, қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры, аспектісі болып
табыла ма немесе қарым-қатынас пен іс-әрекет – екі дербес, тең құқылы
процесс пе деген сұрақ туындайды.
Бірлескен іс-әрекетте адам қажет болған жағдайда басқа адамдармен бірігуі,
олармен қарым-қатынас жасауы, яғни байланыс орнатуы, өзара түсіністікке қол
жеткізуі, қажет ақпаратты алуы, жауапты хабарлауы және т.с.с. тиіс. Бұл жерде
қарым-қатынас іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры ретінде, оның маңызды ақпараттық
аспектісі ретінде, коммуникация ретінде (бірінші түрдегі қарым-қатынас)
болады.
Алайда, коммуникация ретіндегі қарым-қатынастан құралатын іс-әрекет
процесінде белгілі бір зат жасай отырып (прибор құрастыру, ойын айту,
машина құрастыру және т.с.с.) адам тек осымен ғана шектелмейді; жасалған зат
арқылы өзін, өзінің ерекшеліктерін, өзінің индивидуалдығын басқа адамдарға
«трансляциялайды», өзін басқа адамдарда жалғастырады.
Жасалған зат (тұрғызылған ғимарат, нақты поэзиялық шумақ, отырғызылған
ағаш, жазылған кітап, шығарылған немесе орындалған ән) бұл, бір жағынан, іс-
әрекет өнімі, ал екінші жағынан – адамның қоғамдық өмірде өзін шыңдауына
көмектесетін құрал, өйткені бұл зат басқа адамдар үшін жасалған құрал арқылы
адамдар арасындағы қатынас іске асады, затты жасаушы мен істеушіге де, оны
тұтынушы мен игерушіге де теңдей тиесілі ортақ өнім ретіндегі қарым-қатынас
құралады.
Өзін басқаларда жалғастыру ретіндегі қарым-қатынас екінші түрдегі қарым-
қатынас болып табылады. Егер бірінші түрдегі қарым-қатынас (коммуникация
түріндегі қарым-қатынас) бірлескен іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінсе,
екінші түрдегі қарым-қатынастың маңызды қыры болып қоғамдық құнды және
тұлғалық мәні бар затты өндіруге байланысты іс-әрекет табылады. Бұл жерде
тәуелділік алмасады да іс-әрекет қарым-қатынастың аспектісі, бөлігі, қажетті
алғышарты ретінде болады.
Сонымен, іс-әрекет – қарым-қатынастың бөлігі, бір қыры, қарым-қатынас –
іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры. Алайда қарым-қатынас пен іс-әрекет барлық
жағдайда бөлінбейтін бірлікті құрайды.