Қарым-қатынастың үш жағы. Қарым-қатынастың құрылымы күрделі
болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен
тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті,
перцептивті (1, 2 схема).
Қарым-қатынастың осы үш жағын бірлікте қарастыру қажет. Қарым-
қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа
түсушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін
ұйымдастыру, яғни, білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік).
Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.