Модуль сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл негіздерінің ҰҒымы, тарихы және оның Қазіргі уақыттағы жай-күЙІ, себептері тақырып сыбайлас жемқорлық ҰҒымы және пайда болу тарихы



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі28,9 Kb.
#19030
  1   2   3
Байланысты:
lektsii opk


МОДУЛЬ 1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ НЕГІЗДЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ, СЕБЕПТЕРІ
ТАҚЫРЫП 1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
Дәріс жоспары (1 сағ)


  1. Сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен жіктелуі

  2. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы




  1. Сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен жіктелуі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәнін «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. Берілген анықтамаларды саралай келе сыбайлас жемқорлыққа келесідей қысқаша анықтама беруге болады.

Сыбайлас жемқорлық бұл билікті теріс пайдаланудан жеке пайда табу. Бұл термин лауазымды тұлғаларға жүктелген өкілеттіктерді және құқықтарды асыра пайдалануды, сондай –ақ осы лауазыммен берілетін ресми мәртебе, мүмкіндіктер мен қарым қатынастар арқасында заңсыз және моральдық ұстанымдарға қайшы келетін әрекетті білдіреді.

Сыбайлас жемқорлық қалай әрекет етеді?- деген сұраққа келетін болсақ, біріншіден ол көлеңкелі экономиканы дамытады,

екіншіден мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін азайтады,

үшіншіден мүліктік теңсіздікті арттырады,

төртіншіден қылмыс пен терроризмнің өсуіне ықпал етеді,

бесіншіден қызметтің сапасын төмендетеді,

алтыншыдан үкімет беделін түсіреді және кедейліктің өсуіне ықпал етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңында бұл құбылысқа келесідей анықтама берілген:

сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

Ал, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қылмыстық кодексiнде сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың келесі түрлері көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар – Қылмыстық Кодекстің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450, 451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) және 452-баптарында көзделген іс-әрекеттер;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет