ТАҚЫРЫП 2. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ
Дәріс жоспары (1 сағ)
Сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша ҚР қалыптасқан жағдай
Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі
Әдебиет: нег. 1-5, 10-15 қос. 1-9, 19-20, 22-24, 28-37
Сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша ҚР қалыптасқан жағдай
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы 2375 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Негізінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын Сыбайлас жемқор- лыққа қарсы қызмет – 1724, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) – 158, Ішкі істер министрлігі (ІІМ) – 271, Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) – 71 және проку- ратура органдары – 131 тіркеген. 20 сыбайлас жемқорлық қылмысын басқа бөлімшелер (ІІМ Әскери – тергеу департаменті – 17, ҰҚК әскери полициясы – 1, ҰҚК Шекара қызметі – 1, ҚМ ҚК – 1) тіркеді.
2018 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының едәуір үлесі тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жалпы санынан 802 немесе 33,8% пара алумен, сондай-ақ 366 немесе 15,4% лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланумен байланысты. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше бақылауында тұр. 2,3 млрд. теңгеден астам сомаға 234 сыбайлас жемқорлық қылмысының жолын кесілді, оның 2 млрд. теңгесі қазірдің өзінде өтелді. Оларды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 157 адам тартылды.
Соттар 2018 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 1079 адамды соттады (2016 ж. – 903, 2017 ж. – 1001), оның ішінде 285 ішкі істер органдарының қызметкері (Ұлттық гвардия, ҚАЖК, ТЖК есепке алмағанда), 73 - МКК, 34 - ІІМ ҚАЖК, 222 - әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, 23 - әкім. 2018 жылы тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің жалпы санынан 1724 немесе 73% (2017ж. – 1835) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтады. Оларды жасағаны үшін 1290 тұлға анықталды (2017 жылға қарағанда 31,6% артық), оның ішінде 25 республикалық, 91 облыстық, 142 аудандық және қалалық деңгейдегі басшылар.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы үштен бір бөлігіне – 15,8-ден 21 млрд.теңгеге дейін өсті, оның 89% немесе 18,6 млрд. теңгесі мемлекет кірісіне қайтарылды (2017 жылға қарағанда 33,4% артық). Күдіктілердің мүлкіне 42,5 млрд. теңге сомасында тыйым салынды.
Сот үкімімен аяқталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының артуы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу, ашу, тергеу жөніндегі жұмысының сапасын арттыру нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық қылмысын одан әрі төмендету және жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету үшін жалпыға танылған халықаралық құралдар мен үздік әлемдік практикаларды қолдану қажеттігі туындайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қылмыстық-құқықтық шараларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Сот үкімімен аяқталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының артуы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу, ашу, тергеу жөніндегі жұмысының сапасын арттыру нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық қылмысын одан әрі төмендету және жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету үшін жалпыға танылған халықаралық құралдар мен үздік әлемдік практикаларды қолдану қажеттігі туындайды. Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялады, Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспары субөңірлік бағдарламаға қатысады. Осы өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сараптамалық бағалауға ұшырайды.
Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі
Transparency International-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу жөніндегі үкіметтік емес халықаралық ұйым. Transparency International халықаралық қозғалысын 1993 жылы Берлинде Дүниежүзілік Банктің Шығыс Африка бойынша бұрынғы директоры Питер Айген құрды. Қазіргі уақытта ұйымның әлемнің 100-ден астам елінде бөлімшелері бар.
Ұйым сыбайлас жемқорлыққа қатысты әртүрлі зерттеулерді, соның ішінде әлемдік сыбайлас жемқорлықтың барометрі мен сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін жариялайды. Трансперенси Интернешнл Германияда тіркелген үкіметтік емес қауымдастықтың заңды мәртебесіне ие. Берлиндегі кеңсе-ұйымның Бас штабы. Оның мүшелерінің саны бірнеше адамнан өз елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен айналысатын 100-ден астам ұлттық бөлімшелерге дейін өсті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру басталған сәттен бастап СЖҚИ бойынша Қазақстан көрсеткіштері жақсаруға қарай тұрақты тенденцияға ие. Бұл сөзсіз елде жүргізіліп жатқан саясат пен қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді шараларына деген оң бағаны көрсетеді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан СЖҚИ бойынша 31 балл жинап, 180 елдің ішінде124 орынға тұрақтады. 2017 жылы жеткен орынды сақтай отырып, Қазақстан Орталық Азия өңірінде үздік нәтижені көрсетті.
Transparency Internaধonal Kazakhstan сарапшылары, демократияның жалпы әлемдік дағдарысы мен трансұлттық және жергілікті сыбайлас жемқорлықтың өсуі жағдайында СЖҚИ рейтингінде Қазақстанның өз орнын сақтап қалуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы елдің оң динамикасы көрсететінін атап өтуде.
Индекстегі 180 елдің үштен екісінен көбі 2018 жылы жемқорлықпен күресте тиісті 100 баллдан 50-ден төмен балл жинаған. Балл неғұрлым аз болған сайын, мемлекеттің жемқорлықты қабылдау индексіндегі орны да төмендей береді. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің орташа балы 35-ті құрап отыр. Қазақстан 2017 жылы жемқорлық индексінде 31 баллмен тоғыз орын жоғарылап 122-орынға шықса, 2018 жылы дәл осындай баллмен екі орын төмендеді.
Индексте алдыңғы орындарда Дания (88 балл) мен Жаңа Зеландия (87 балл), Финляндия, Сингапур және Швеция (85 балл) тұр. Ұйым 100-ден 45 немесе одан да төмен балл алған елдерде жемқорлықпен күресте айтарлықтай ілгерілеу болмағанын көрсетеді. Сарапшылар жалпы саяси ерік-жігер жоқ, азаматтық институттары әлсіз және саяси еркіндіктер шектелген елдер мен қоғамда жемқорлық оған деген қарсылық әлсіз болғанына қарамастан, дами беретінін айтады.
Орталық Азия елдері арасында Түркіменстан 161, Өзбекстан 158, Тәжікстан 152, Қырғызстан 132-орында тұр. Ресей үш орын төмендеп, 138-орынға түскен.
Достарыңызбен бөлісу: |