ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 1.Пән туралы мәліметтер «Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы» пәні бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету барысында оқытылып отыр. «Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы» қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, болашақ маманды тілді меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерімен таныстырады, қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесін үйретеді. Жаңа заман талабына сай білім беруді реформалардың міндеті – қазіргі заманның ағымына сәйкес ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, болашақ ұрпаққа ұсыну.
Білім алушылар жаңа технологияларды қолдана отырып, өзіндік ізденіс пен шығармашылыққа үйренеді. Бұл отандық және шетелдік озық тәжірибелерді талдату, салыстыру, бағалау, эксперимент арқылы өз мүмкіндігін, кәсіби шеберлігін арттыру бағытындағы жұмыстарға төселу нәтижесінде қалыптастырылады және аталмыш курсты оқып меңгеру барысында тілдік фактілерді түрлі қырынан танып-білуге дағдыландыратын әдістер мен тәсілдер жүйесін меңгереді.
2.Пререквизиттер:«Нормативті қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілі», «Тіл біліміне кіріспе», «Тілдік қатынас негіздері», «Кәсіби қазақ тілі», «Психология», «Педагогика», «Әлеуметтану», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
3.Постреквизиттер:«Қазақ тілін оқыту технологиясы», «Педагогикалық менеджмент», «Педагогикалық жобалау», «Қазіргі заманғы сабақ».
4.Пәннің қысқаша мазмұны: Бұл курста жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары, бастау көздері, ғылыми ұстанымдары, басым бағыттары негізінде жаңа технологиялар жүйесінің мақсат-міндеттері мен әдістемелік жүйесі, қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық үдеріс ретінде ұйымдастырудың тың жолдары қарастырылады. Жаңа қоғамдық қатынастың «жаңа педагогын» қалыптастыру үшін педагогикалық жаңа технологияларды тиімді пайдаланукөзделеді.