Алайда модульге бөлінген сағат саны 4 сағаттан ("Қазақстан тарихы" курсында) 22 сағатқа ("Математика" бойынша) дейін ауытқыды.
Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге - 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады.
Мысалы:
Мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі — кіріспеге, екі сағаты - қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты - сөйлесу бөліміне беріледі.