Эвдиометрде 24 мл сутек пен 15 мл оттектен тұратын қоспа қопарылыс бергенде су түзілген. Қопарылыстан кейін қоспада қандай газ қалған, оның көлемі мен массасы қандай?
ІІ топ.
1 - тапсырма.
32 г мыс оттекпен әректтескенде 155 кДж жылу бөлінеген.
Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар.
ІІІ топ.
1 - тапсырма.
Зат мөлшері 0,3 моль, 3моль, 30 моль болатын хлорсутекте қанша молекула бар?
○ білім сапасын арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын толық менгеруін қамтамасыз етуге мұмкіндік береді;
○ дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
○ әр студенттің өз бетімен жұмыс істеуіне көп көңіл бөледі;
○ студенттердің сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
Модулдік оқытудың нәтижесінде:
►Студент көп уақытты өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға, өзін бақылауға үйренеді.
►Студенттің білім алудағы іс-әрекеттерінің бағыттары мен білім деңгейлерін қалыптастыруда оқыту құрылымының тұтастығы сақталады.
►Студенттің білім алудағы іс-әрекеті дамуының жалпы бағытының ескере отырып, пәнді оқыту және іс-әрекет сипаты мен пән мазмұнын сәйкестендіру қажет болған жағдайда оны түзетуге мүмкіндік береді.
►Оқыту жүйесінде жұмыстың барлық түрі бір-бірімен үйлесімді үндестікте кері байланысты жүзеге асып отырады. Бұл жүйенің тиімділігі – оның студенттердің қызығушылығын, қажеттілігін жеке даралай, саралай ескеріп отыруында.
►Модулдік оқыту элементтерінің дербестігі, икемділігі, өзгерімділігі, студенттердің әрқайсының өз мүмкіндігіне сай әрекеттенуіне жағдай жасайды.