Модуль/өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасы жбб жалпы білім беру пәндері/ Информатика Мамандық: 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ – АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ КӨКСУ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ БЕКІТЕМІН
Колледж басшысы
____________М.А.Қарасаев
"_____" __________2022 ж.
Модуль/өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасы ЖББ Жалпы білім беру пәндері/ Информатика Мамандық: 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
Біліктілік: 3W07161302 «Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик»
Оқыту нысаны күндізгі, негізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны 48, кредит саны 2
Әзірлеуші (-лер): Бердикожа Еламан Курманжанович
2022 ж.
Түсіндірме жазба
Пән/модуль сипаттамасы: "Информатика" пәнін оқу мақсаты білім алушылардың оқуы мен жұмысында компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету болып табылады. Білім алушыларға пайдалану үшін ең жақсы қосымшаларды анықтау барысында саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігі берілу керек. Бағдарламаның басқа мақсаты білім алушыларға ақпараттық технологияларды пайдалану саласында терең білім беруді және бағдарламалық құралдар ғылыми, коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін пайдаланылатынын түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл бойынша жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығындағы өзгрісті ескере отырып, оқу жұмыс бағдарламасы нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленді
Қалыптастырылатын құзыреттіліктер: Білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру. Білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету