МоңҒол кезеңіне дейінгі орталық азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері



бет8/9
Дата02.04.2023
өлшемі78,21 Kb.
#78398
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚТ Түркі кезеңі дәріс

Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы ежелгі және орта ғасырлардағы континент аралық жол, ол Еуропа мен Азияны байланыстырған. Еуразияны бөліп Қазақстан аумағын басып өтетін Ұлы Жібек жолының тарихы өте ертеден басталды. Ұлы Жібек жолы - Жерорта те- ңізі маңындағы батыстық мәдениеті дамыған өркениетті елдер- ден Қытайға дейін баратын сауда- керуен жолы. Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған.
Б.з.д. ІІ ғасырда Ұлы Жібек жолының басты сауда диплома- тиятық жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Ұлы Жібек жолының VІ-VІІ ғасырлардағы ең гүлденген бағыты Қытайдан Жетісу жіне Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін батыс бағыты. Орта ғасыр саудасындағы ең құнды тауар жібек болған, оның құны алтынмен бағаланған. Жібек жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып, ол халықаралық валюта ретінде кеңінен пайдаланылды. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сы- ғанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш, Весидж, Шау- ғар тағы басқа ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейін ХІІІ- ХІV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы одан сайын артқан.
Жібек жолының маңызы. Ортағасырлық Жібек жолының маңызы мынандай: бірінші, отырықшы және көшпелі мәденет бірін-бірі байытты, екінші, қала саны артты, үшінші, сыртқы байланыс дамыды, төртінші, сауда-саттық кеңейді. Сондай-ақ Жібек жолы бойындағы елдердің әдебиеті мен өнері бір-біріне әсер етіп, өзара байыды. Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азия- да мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жал- пы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда ке- руендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы сауда жолы ғана емес, көш- пелі, отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы бол- ды. Ұлы жібек жолы ХІV-ХV ғасырларға дейін пайдаланылды. Ал кейін теңіз сауда жолының пайда болуына байланысты жібек жолы өзінің маңызын жоғалтып, өмір сүруін тоқтатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет