МоңҒол кезеңіне дейінгі орталық азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері



бет7/9
Дата02.04.2023
өлшемі78,21 Kb.
#78398
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚТ Түркі кезеңі дәріс

Шаруашылығы: Наймандар мен керейлердің шаруашы- лығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Төрт түлік малдың барлығы өсірілді. Олар аң аулауды және балық аулауды кәсіп еткен. Сонымен қатар, қолөнершілері ат әбзелдерін, арба, қару- жарақ жасай білген.
VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Ерте орта ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген халықтар- негізінен түркі тілдес халықтар. Түркі тілдес халықтармен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топтар да өмір сүрді. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Иран (соғды) тілдес, Сирия тілдес, Араб тілдес халықтар тобы өмір сүрді. ҮІ ғасырлардан бастап түркі тілдес тайпалардың өз жазулары болды. Бұл жазу ғалым- дардың пікірінше соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазулары- ның ескерткіштері Монғолия жерінен табылды.
VІ-Х ғасырларда Қазақстанда соғды жазуы мен тілі кең қолданылған. Бұл жазу Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалала- рында кең тараған. Оңтүстік Сібір, Алтай-Саян, Қазақстан жерлерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген. Олар түрік тілінде сөйлеп, көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліппиі 35 әріптен тұрған. Түріктердің әліппиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Көне түріктердің негізгі жазуы “руна” жазуы деп аталған. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш бо- лып саналатын руна жазуы бар құлпытасты ХІХ ғасырда Сол- түстік Монғолиядағы Орхон өзенінің маңынан Н. М. Ядринцев тапқан. Құлпытастағы жазуды түркітанушы В. В. Радлов пен дат ғалымы В. Томсон ажыратқан.
Бұл жазу “Орхон-Енисей тас жазуы” деп аталады. Түрік жаз- ба әдебиетінің көне ескерткіштері “Күлтегін” және “Тоныкөк” жазулары. Бұлар нағыз тарихи дастандар. Мұнда түрік қағана- тының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында қүйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби-көркемдік тә- сілдермен өрнектелген.
VІІІ-ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар “Қорқыт ата” кітабы мен “Оғызнама” дастаны. Бұл шығармалар алғаш VІІІ ғасырда ауызша айтылып, ел ішінде кең таралса, тек ХІ ға- сырдан бастап қағазға түсе бастаған. “Қорқыт ата” кітабы 12 жылдың қосындысынан тұрады. Бұл шығарма аты аңызға айналған атақты ақын, қобызшы Қорқытқа байланысты. Қорқыт есімі түрік тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім. Қорқыт күмбезі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тұрғызылған. Ал, “Оғызнама” біздің дәуіріміздің ІІ ғасырындағы тарихи оқиғаларға байланысты туған. Бұл әдеби шығарма VІ ғасырда парсы тіліне, ІХ ғасырда араб тіліне аударылған. “Оғызна- маның” ескі нұсқасын ХІІІ ғасырда бірінші жазып қалдырған тарихшы Рашид ад-Дин. Одан кейін ХVІІ ғасырда толық жазған
- Әбілғазы хан. Шығарманың идеясы ерлікті, бірлікті уағыз- дайды. Мазмұны қазақ халқының эпос жырларымен сарындас келеді. Стилі жағынан қазақ ауыз әдебиетімен ұштасып жатады. Сонымен ерте орта ғасырда түрік тіліндегі ауыз әдебиетінің әр- түрлі жанрларының (мақал-мәтел, жоқтау, тағы басқалар) да- муына байланысты әдеби тіл мен жазба әдебиеттің дамығанды- ғын көруге болады.
Х ғасырдан бері қарай Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең дами бастады. Сайрам, Отырар, Түркістан тағы басқа қалаларда діни медреселер салынып, ғылым-білімге кең жол ашылады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск (Шам) қалаларында игерген. Ол дүние жүзінде Аристо- тель сынды ғұламалармен теңдес ойшыл ретінде танылды.
Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны “Үлкен музыка кітабы” атты еңбегінен де байқауға болады. Сайып келгенде, әл- Фараби “Қайырлы қала тұрғындарының кітабы”, “Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы”, “Өлең сөз және шешендік тура- лы”, “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат”, “Логика” т.б. еңбектері ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер. Білім- нің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған. Ол 80 жа- сында Шам шаһарында қайтыс болады.
Қожа Ахмет Ясауи (1103-1167 жж.) Сайрам қаласында ту- ған. Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған. Шешесі Мұса шайқының қызы Айша. (бір деректерде - Қарашаш). Алғаш әкесінен оқып сауатын ашып, кейінірек ислам дінінің шариғат- қағидаларын үйренген. Бала кезінен Ясы қаласын мекен етеді. Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алып, Ясыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. Арыстан бабты пір тұтады. Қожа Ахмет Ясауиден қалған мұра оның “Даналық кітабы”, “Диуан-и хикмет” болып табылады. Кітап түрік тілінде араб әліппиімен жазылған. Бұл еңбекте адам- ды даналыққа, адалдыққа, кіші пейілділікке, имандылыққа ша- қырады. Ахмет Ясауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі ел ішінде Хакім ата аталған Сүлеймен Бақырғани.
Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.). Ғұлама Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қа- лаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлеген. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық “Құтты білік” даста- нын Қарахан әулетінен шыққан Тағаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хажип (Сарай министрі) атағы берілді. Ол өзінің атақты “Құтты білік” атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған. “Құтты білік” - ХІ ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Поэманы 1896 ж. К. Ке- римов Өзбек тіліне аударды. 1971 ж. Н. Гребнев “Бақытты болу ғылымы” деген атпен еркін аударма жасады. Ал 1983 ж. С. Н. Ива- нов “Благодатная знание” деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды. “Құтты білік” поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады.
Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсе- тетін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шы- ғарған еңбегі “Құтты білік”, “Құтадғу білік” атты дидактикалық поэмасы. Жүсіп Баласағұн “Құтты білікті” 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған.
Ал түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама Махмұд Қашғари зерттеді. Махмұд Қашғаридің (1030- 1090 жж.) шын аты Махмұд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари. Әкесі Қашғар қаласында туған. Махмұд алғаш Қашғар қала- сында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алады. Араб тілін жетік білген. Махмұд Қашғари үш кітаптан тұратын “Түрік тілдерінің сөздігі” (“Диуани луғат ат-түрік”) атты мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бұл кітап түрік дәуірінде өмір сүрген тұрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітапта бү- гінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен жайларының аты- жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көп- теген мағлұматтар алады. Бұл еңбекте тарихшылардың назарын өзіне аударған шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал- мәтел бар. М. Қашғари оны 1072-1074 жыл- дары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған.
Майқы би (Майқы Мәнұлы) ХІІ ғ. соңы -ХІІІ ғ.орта шенінде өмір сүрген. Майқы би атақты би, суырып салма ақын болған. Әкесі-Мән. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18 атасының да есімі Майқы болған. Шыңғысханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны әулие деп те атаған, себебі, ол адам тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” деген нақыл бар. Майқы би ұзақ өмір сүріп, 120 жасында қайтыс болған.
Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған көптеген қала Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалып- тасты. Орта ғасыр қалаларының бірнеше бөліктері болған. Олар мыналар: Шахристан, Рабад, Цитадель. Шахристан қала би- леушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы. Ал Ра- бад қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі. Ал Цитадель болса, қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бе- кіністер.
VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Тараз, Отырар, Сауран, Құлан, Суяб, Мерке, Үзкент, Сығанақ, Испид- жаб, Иасы (Түркістан), Баласағұн тағы басқалар. Ал, сәулет өнері орта ғасырлардағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мешіттер көптеп салынған. Сәулет өнерінің өркендеуіне Х-ХІІ ғасыр- ларда ислам дінінің кең қанат жаюы үлкен әсер етті. Ислам
дінінің енуіне байланысты бірнеше кесенелер тұрғызылды. Мысалы Бабаша хатун кесенесі, бұл кесене Х-ХІ ғасырларда салынған аса қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан. Ал, Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған. Кесене Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл кесене - Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы. Қарахан кесенесі сол дәуірдің үлкен сәулет өнерінің туындысы. Ол Тараз қаласының маңында орналасқан.
Ал, Сырлытам кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Сырдария өзенінің төменгі ағы- сында орналасқан. Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар да ірі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады. Мысалы, Отырар моншасы - ХІ ғасырда салынған ірі ескерткіш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет