|
Шыңғысханның ұлдарымен жорықтары
|
бет | 3/4 | Дата | 23.11.2022 | өлшемі | 440,71 Kb. | | #52154 |
| Байланысты: Моңғол шапқыншылығыШыңғысханның ұлдарымен жорықтары Шағатай мен Үгедей - Отырарға бірнеше түмен қолмен шабуыл жасады
Жошы - Сырдарияның төменгі ағысын басып алуға аттанды
Шыңғысхан - Бұқара қаласына аттанды
ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТКЕН ҚАЛАЛАР «Отырар опаты» - Отырар қаласы алты ай Қайыр хан басшылығымен берілмеді. Тек Отырар қақпасын ашқан сатқынның кесірінен Отырар қаласы алынды
Сығанақ қаласының алынуы - Жеті күн жеті түн бойы берілмеген ақырында Моңғолдар талқандайды
Оңтүстік Қазақстанның үш қаласы – Отырар, Сығанақ, Ашнас қиян-кескі қарсылығы үшін толық жойылды. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Иранға қарай қашты, моңғолдар Мұхаммедтің соңынан қуу кезінде Кавказ арқылы Батыс Дешті Қыпшақтан бір-ақ шықты. Мұнда олар қыпшақ тайпаларының қарсылығына тап болды. Қыпшақтар мен орыстардың біріккен әскерлері моңғол әскерімен Калка өзенінде кездесті (сурет 1-ші слайдта суретші: Рыженко П. В. Калка) Бірауыздылықтың жоқтығынан олар жеңіліске ұшырады. Алайда моңғолдар Руське енбеді. Солтүстік-батыстан қазіргі Қазақстан даласына кіріп, шығыс қыпшақ тайпаларын бағындырды. Солтүстік-батыстан қазіргі Қазақстан даласына кіріп, шығыс қыпшақ тайпаларын бағындырды. Одан кейін негізгі күштермен қосылу үшін ары қарай жылжыды. Сөйтіп, моңғолдар Қазақстан аумағын 1219-1224 жылдары толықтай басып алды. 1224 жылы Шыңғысхан шығыста Амурдан, батыста Әмударияға дейінгі аумаққа өз билігін орнатты. Шыңғысхан 1227 жылы қайтыс болды. Алайда моңғол жаулап алушылығы мұнымен аяқталған жоқ. Шыңғысхан ұрпақтары оны одан әрі жалғастырды. ҰЛЫСТАР Жошы ұлысы - Ертіс пен Еділ өзендері және Сырдария мен Әмудария өзендері
Шағатай ұлысы - Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан. Орта Азия
Үгедей ұлысы - Қазақстан солтүстік-шығысы және Жетісу аймағы
Төле ұлысы - Моңғолия жері
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|