МӨЖ 2. 1) Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім тарихы бойынша интеллект-карта құру 2) ЖОО оқытушы-тарихи тұлғалар туралы бейнеролик дайындау. 3) Қарым-қатынас тренингін әзірлеу Орындағандар: Шора У.
Сагиндикова Ш.
Сағатова Ф.
1) Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім тарихы бойынша интеллект-карта құру
3) Қарым-қатынас тренингін әзірлеу
Тренинг сабақ Тақырыбы: «Қарым-қатынас және тыңдай білу» Мақсаты: қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, мәдени сөйлей білуді үйрету, өзара жағымды қарым-қатынас шеңберін арттыру, парасатты, ұйымшыл тұлға тәрбиелеу.
Міндеті: Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту,өз-өзіне деген сенімін арттыру, үрей мен қобалжуын кеміту, өз ойын еркін жеткізу, көңіл-күйін көтеру.
Жұмыс түрі: Топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер , қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.
Тренинг ережесі: 1. Өз ойын ашық ату
2. Өзгелердің пікірін құрметтеу
3. Белсенді әрекет ету
4. Шынайылық
5. Топтасып жұмыс жасау
1-жаттығу : Сәлемдесу . «Дәстүрлі емес сәлем»
Шарты: Бүгінгі біздің сәлемдесуіміздің дәстүрден тыс болмақ. Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жай сөзбен, бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б. Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар. Мандаймен, шынтақпен, арқамен, аяқтың ұшымен.
Орындалу уақыты: 7 минут
Жаттығыды талкылау:
Өз сәлемдемеңізді қайтып алғанда қандай күйде болдыңыз?
Жіберген сәлемдемеңіз сол күйінде қайтты ма?
Олардың өзгеріске ұшырауына қандай әсер болды деп ойлайсыз?
Ақпарат өзгеріске ұшырамай қайтуы үшін не әрекет жасауға болады?