Мөж тақырыбы: Педагогикалық қабілеттер пен педагогикалық шеберлік Орындаған: Темирбек Ә. Қабылдаған: Тасова А. Тобы: мпк-211 Түркістан 2023 Жоспар



бет5/5
Дата05.05.2023
өлшемі64,94 Kb.
#90593
1   2   3   4   5
Байланысты:
МӨЖ 2 Темирбек Әсел Педагогикалық шеберлік

Қорытынды
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.
Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің ісәрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктің нәтижесі ретінде мұғалімнің шығармашылығы, жеке тәжірибесі және оның жариялылығы болып табылады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қабілеттілігінің өзара байланысын А.С.Макаренко: педагогикалық шеберліктің туа біткен ерекшеліктері, қасиеттері арқылы белгіленетінін жоққа шығара отырып, ол оның кәсіби қабілеттілік деңгейіне байланысты екендігін көрсетті. Оның айтуынша, іскерлікке, педагогикалық квалификацияға негізделетін педагогикалық шеберлік - бұл тәрбие процесін білу, оны құру, қозғалысқа түсіру. Педагогикалық шеберлікті меңгеруге әрбір педагогтың жеке практикалық тәжірибесі мен еңбектенуі нәтижесінде қол жеткізуіне болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Сағытаев Т.С. Педагогикалық шеберлік негіздері. Қарнағанды-1996ж.


2. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе ростов-2002ж
3.Коджаснирова Г.М. Педагогтың кәсіби білімін көтеру мәдениеті-М.1994ж.
4.Кан-Калик В.А. Никандаров Н.Д. Педагогикалық шығармашылық-м.1990
5. Кан-Калик В.А. Грамматика общения-М.1995

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет