Мөж тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар



бет7/8
Дата02.06.2023
өлшемі70,69 Kb.
#97945
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МӨЖ 2

Қорытынды

Жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру, ұлттың тілін, мәдениетін, өнерін, тарихын, әдет - ғұрпын, салт - санасын, дәстүрін оқушылар санасына сіңіріп, жас ұрпаққа лайықты тәрбие беру, олардың бойына имандылық пен ізгілік қасиеттерін дарыту әр педагогтың ең басты ұстанымы болуы шарт.


Мұғалімнің педагогикалық мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық тәжірибенің даму барысында қалыптасқан жалпы адами мәдениет те бар. Бірақ педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың іс –қимылын ешкім бақыламайды ғой. Ол көбінесе өз қылығын өзі бағалайды, өзі түзетедіСол себепті мұғалімнің моральдік «барометрі» педагогикалық ұяты аса сезімтал жоғары деңгейлі болуы шарт. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі педагогикалық ұстанымдар мен моральдан туындайтын адамгершілік талаптар үйлесімін анықтайды және оның педагогикалық қызмет үдерісіндегі ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексінің басты мақсаты мұғалімнің өз-өзіне, педагогикалық еңбекке, оқушылар мен мұғалімдер ұжымына деген ара-қатынасын анықтайтын негізгі талаптарды белгілеу болып табылады.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас құру мұғалімнің кәсіби қасиеті - оқушыны тыңдай, ести білуіне тәуелді. Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде.
Педагог әр баланың жүрегіне жол тауып, оның жан дүнесінің «құлпын» аша білуі тиіс. Ол өзінің бір ауыз сөзі бала өмірінде үлкен рөл атқаратынын және оны өмір бойы есіне сақтап қалатынын білуі керек. Педагог пен оқушы қарым-қатынасының талаптарын қалыптастыру қажет десек, олар: - сенімділік; - баланы тыңдай білу; - өз ара түсінушілікті негізге алу; - іскери қарым-қатынас; - ықпал етуден өз ара әрекет жасауға көшу қабілеті; Бұл үрдерістің барысындағы ең маңыздысы мұғалімнің қарымқатынас шығармашылығы болып табылады. Бірдей тапсырманы, бірдей әңгімені мұғалім әр түрлі ырғақпен, әр түрлі көңіл-күймен беріп, өткізе алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет