Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
МӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Орындаған: Темирбек Ә.
Қабылдаған: Искакова П. Тобы: МПК-211
Түркістан 2023
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................3
Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік................................4
Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері..................................................................5
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері...........................................8
Қорытынды..................................................................................................9
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................10
Кіріспе
Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктенбасқа адамдармен ақпарат алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болатындықтан оны адамның қоғамдық ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деп қарастыруға болады. Олай болса,қарым-қатынас- қоршаған ортамен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы тетік.
Ғылымаралық ұғым ретінде қарым-қатынас-өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнатудың және дамытудың күрделі үдерісі ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдарқарым-қатынастыңтүрлі қырларынқарастыруда. Психология ғылымы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгіліғалымдар зерттесе, педагогикалық ғылымдар саласында А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодалевтің, А.В.Мудриктің, В.А.Кан-Каликтің, А.А.Реанның, Н.Е.Щуркованың, А.И.Щербакованың, Ш.А.Амонашвилидің, Я.Л.Коломинскийдің, И.А.Зимняяныңт.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар қарым-қатынас феноменін іс-әрекет түрі ретінде анықтап, оны басқа іс-әрекет формаларын қамтамасыз ету негізі деп бағалайды. Қарым-қатынас пен іс-әрекет өзара тығыз байланысты болғанымен салыстырмалы түрде дербес ұғымдар.
Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыруүдерістерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондықтан педагогикалық қарым-қатынас–педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестік негізі болып табылады.
В.А.Сластениннің пікірінше, педагогикалық қарым-қатынас- педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатудың, дамытудың, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үдерісі.
Әдепті және қарым-қатынас мәдениетінің негізгі талаптарын білу педагогтың өзіне де, өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан балаларға да қажетті. Мұғалім сенімділік, сыйластық және сүйіспеншілік тәрізді сезімдерді тудыра білуі керек, оларсыз ұстаз шынайы бедел болмайды. Өзіңізге айналадағы адамдардың қалай қарайтыны жөнінде және ол неге байланысты екенін ойланып көріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |