Мөж тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар


Жоғарғы сынып оқушыларының дамуында



бет6/8
Дата02.06.2023
өлшемі70,69 Kb.
#97945
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МӨЖ 2

Жоғарғы сынып оқушыларының дамуында жеткіншектерге қа-рағанда әлдеқайда бірқалыптылық байқалады. Осы шақтағы оқушы-лармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуда мұғалім олардың не-гізгі ерекшеліктері ретінде тұлғалық дамуын және өмірлік бағдарын өз беттерінше анықтайтын жандар екенін ескеруі керек. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік пікірлері, дүниетанымы, көзқарастары олар-дың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейінен көрініс береді.
Жоғары сынып оқушыларының физикалық және ақыл-ой даму-ларының үздіксіз үдерісі негізінде олардың көп нәрсеге қызығушы-лықтары артып, болашағын бағдарлауға қатысты мұғалімдермен қа-рым-қатынасқа ашық болып келеді. Бұл олардың жаңа тәжірибе жи-нақтаудағы ұмтылыстары және өздерінің дұрыс бағытты таңдаулары бойынша сенімділігін нығайту үшін маңызды.
Жоғарғы сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынас-та олар мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне баса назар аударады: әділеттілігі, шыншылдығы, түсіне алу дағдылары, жағымды эмоцио-налдық кері байланысы, білім деңгейі мен оқыту сапасы.
Сондай-ақ, жоғары сынып оқушысы өзінің жеке «Мен»-жүйесі жайлы көп ойланып, толғанады. Осы жайлы жалғыз қалып ойланған-ды, қиялын шарықтатып, өзін түрлі әлеуметтік рөлдерде елестетулері жиі байқалады. Яғни, жоғары сынып оқушыларының өзін тану арқылы өзгелерді тануы қарым-қатынастық жүйелерінің басты ұстанымына айналады.

4. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің балалармен қарым-катынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.
Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық,

  1. Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, мұнда мұғалім: «Менің айтқаньм заң», «Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады.

  2. Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады.

  3. Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет