Мөж тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар


Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік



бет2/8
Дата02.06.2023
өлшемі70,69 Kb.
#97945
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МӨЖ 2

2. Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік
Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөл атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын - ала көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогика ғылымында коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгі кезеңдері анықталған:

  • қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың қандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды);

  • өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу т.б.);

  • тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар дәрісханасындағы қарым-қатынасқа жағымды психологиялық ахуалдың барын не жоғын анықтайды);

  • вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалық жүйелі түрде жеткізу);

  • мазмұнды және эмоционалды кері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ақпаратты баяндаудың логикалығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып аясына шоғырландыру, қызықты проблемалық сұрақтар қою, оқушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).

В.А.Кан-Каликтың дәлелдеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатыларбойынша іске асырылады:

    1. сабақты не іс-шараны өткізуге дайындалу үдерісінде болатын қарым-қатынасты жобалау сатысы (жоспар құру, қарым-қатынастың моделін құру).

    2. қарым-қатынасты тікелейұйымдастыру сатысы (қарым-қатынастың алғашқы кезеңі, «коммуникативтік шабуыл» жасау).



    3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет