Мөж тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар



бет3/8
Дата02.06.2023
өлшемі70,69 Kb.
#97945
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МӨЖ 2

қарым-қатынастыбасқару сатысы (оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, ойларын жетектеу, іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру, қарым-қатынасқа бөгет болып тұрған психологиялық кедергілерді азайту).

  • қарым-қатынастың барысын жәненәтижелерін талдау сатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тиімділік деңгейін анықтау).

    Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты ұзақ немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін.
    Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады.
    3. Әртүрлі жастағы оқушылармен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері.

    Мұғалімдер тәжірибесінде әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді. Сонымен қатар мұғалімдердің өзімен бірге істейтін әр жастағы әріптестері, оқу-шылардың ата-аналары, ата-әжелері педагогтың коммуникативтік қабілеттеріне деген талапты күрделендіре түседі. Жас мұғалімдер үшін аталып отырған адамдар санатында әсіресе оқушылармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін, қарым-қатынас қызметтерін және сан-алуан тәсілдерін жан-жақты меңгерудің маңызы зор.


    Педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып, оның атқаратын қызметтеріне мынандай негізгі (функцияларына) тоқталып өтейік:

    1. Қарым-қатынастың коммуникативті қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәр-биелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.

    2. Қарым-қатынастың бел қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйым-дастыру, реттеу, басқару жүзеге асырылады.

    3. Қарым-қатынастың перцептивтік қызметі арқылы оқу-шылардыңпсихикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу мүмкін болады.

    Қарастырылып отырған қарым-қатынас қызметтері нақты педа-гогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Мұғалім әр жастағы оқушылармен жұмыс жасауда педагогикалық қарым-қатынасқа қойылатын талаптар да өзгеріп отырады. Негізгі талаптардың бірі – педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтарының бірі болып табылатын оқушылардың жас ерекшлеліктеріне сай қарым-қатынас орната білу.
    Мектеп оқушылары үш буынға бөлініп білім алатыны белгілі: бастауыш, орта (жеткіншек шақтағы оқушылар) және жоғары. Енді осы буындарға сәйкес педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастырып көрейік.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет