Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер


Мойынның клиникалық анатомиясы мен операциялық хиругиясынан тестілік сұрақтары



бет24/26
Дата15.12.2023
өлшемі68,04 Kb.
#138729
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Мойынны клиникалы анатомиясы Жалпы деректер

Мойынның клиникалық анатомиясы мен операциялық хиругиясынан тестілік сұрақтары

  1. Қалқанша бездің резекциясын жасау операциясы кезінде қандай нервтің зақымдалуы мүмкін?

  1. truncus simpaticus

  2. nervus vagus

  3. nervus frenicus

  4. nervus hipoglossus

  5. nervus laringeus recurrens*

2. Көкіректік лимфа ағымына сыртқы дренаж қандай мақсатта жасалады?
A) дезинтоксикация*
B) бассүйек іші қысымды төмендету
C) артериялық қысымды төмендету
D) тиреотоксикозды емдеу
E) веналық қысымды төмендету
3. Өңеш-кеңірдектік жүлгеде орналасатын нервті атаңыз
A) nervus vagus
B) nervus frenicus
C) nervus splanchnicus major
D) nervus laringeus recurrens*
E) nervus hypoglossus
4. А.В.Вишневский бойынша мойынның вагосимпатикалық блокадасын жасау үшін инені қай нүктеде ендіреді?

  1. Төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің аяқшалары арасынан

  2. Бұғана мен төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің сыртқы қыры арасындағы бұрышта

  3. Төстің мойындырықтық ойығы тұсында

  4. Төстің ортасы тұсынан 3см жоғарылау

  5. Төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің артқы қыры мен сыртқы мойындырық венасының қиылысатын нүктесі*

5. Кеңірдекке тілік жасап, ішіне трахестомиялық канюляны ендіргеннен кейін, тыныс алу қалпына келмеген жағдайда, қандай қателік жіберілгенін атаңыз

  1. өңештің зақымдануы

  2. дауыс байламдарының зақымдануы

  3. кілегей қабықтың кесілмегендігі*

  4. трахестомия төмен жасалған

  5. көмекейдің қайырма нервінің зақымдануы

6. Трахестомия жасау кезінде кеңірдектің жарақатын кеңіту үшін қолданылатын құралды атаңыз

  1. Листон тістеуігі

  2. Дальгрен тістеуігі

  3. Труссо кеңірдек кергіші*

  4. Біртісті ілмектер

  5. Долиотти-Вишневский қысқышы

7. Қалқанша бездің субтоталды, субфасциялық резекциясын жасау кезінде оның қандай бөлімдерін сақтау керек екендігін атаңыз.

  1. Артқы-латералды*

  2. Алдыңғы-латералды

  3. Бездің мойындырығы

  4. Жоғарғы полюсі

  5. Төменгі полюсі

8. Лимфосорбция жасау үшін көкіректік лимфа ағымын қай жерде анағұрлым жиірек тауып, ашуға қолайлы?

  1. Пирогов веналық бұрышының сол жағы*

  2. Пирогов веналық бұрышының оң жағы

  3. Сол жақ ішкі мойындырық венасының аймағы

  4. Сол жақ бұғанаасты венасының аймағы

  5. Оң жақ бұғанаасты венасының аймағы

9. Қандай анатомиялық құрылымға қатынасты трахеостомияның жоғарғы, ортаңғы және төменгі әдістерін ажыратады?

  1. Сақина тәрізді шеміршекке қатынасты

  2. Қалқанша тәрізді шеміршекке қатынасты

  3. Тіласты сүйегіне қатынасты

  4. Қалқанша бездің мойнағына қатынасты*

  5. Кеңірдектің жоғарғы, ортаңғы және төменгі сақиналарына қатынасты

10. Мойынның қайсы шелмай кеңістігінің флегмонасы артқы медиастенитке асқынуы мүмкін?

  1. Төсүсті апоневрозаралық

  2. Превисцералды

  3. Ретровисцералды*

  4. Параангиалды

  5. Мойынның шелмай кеңістіктері артқы көкірекаралық шелмаймен байланыспайды.

11. Қай шеміршектің жоғарғы қыры деңгейінде жалпы ұйқы артериясының бифуркациясы проекцияланады?

  1. Қалқанша*

  2. Сақина тәрізді

  3. Ожау тәрізді

  4. Мүйізше тәрізді

  5. Көмейүсті

12. Мойынның қай фасциясының жапырақшалары аралығында жақасты сілекей безі орналасқан?

  1. І

  2. ІІ *

  3. ІІІ

  4. ІҮ

  5. Ү

13. Мойынның ІҮ фасциясы есебінен пайда болған қынапта өтетін тамырлы-нервтік шоғырдың элементтерін атаңыз.

  1. Жалпы ұйқы артериясы *

  2. Ішкі мойындырық венасы *

  3. Бұғана асты венасы

  4. Бұғана асты артериясы

  5. Иық өрімі

14. Пирогов үшбұрышының жоғарғы-сыртқы шекарасын атаңыз.

  1. Тіл нерві

  2. Тіласты нерві *

  3. Қосқарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасы

  4. Қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы

  5. Тіл артериясы

15. Пирогов үшбұрышы қандай анатомиялық құрылымды табуға нысана ретінде қолданылатынын атаңыз.

  1. Тіласты нерві

  2. Тіл нерві

  3. Бет артериясы

  4. Тіл артериясы *

  5. Мойынның көлденең артериясы

16. Жалпы ұйқы артериясы мен ішкі мойындырық венасының аралығында қандай нерв жататынын атаңыз?

  1. Тіл нерві

  2. Бет нерві

  3. Кезбе нерв *

  4. Кайырма көмей нерві

  5. Жоғарғы көмей нерві

17. Өңешті мойынның ұзын бұлшықеттерінен бөліп тұратын қай фасция?

  1. І

  2. ІІ

  3. ІІІ

  4. ІҮ

  5. Ү *

18. Алдыңғы сатылы бұлшықеттің сыртқы бетінде қайсы нерв жатады?

  1. Тіл асты нерві

  2. Қосымша нерв

  3. Көкет нерві*

  4. Жоғарғы көмей нерві

  5. Үлкен желке нерві

19. Мойынның тереңгі сатылы-омыртқалық үшбұрышының түбін (негізін) не құрайды?

  1. Бұғанаасты венасы

  2. Бұғанаасты артериясы

  3. Плевра күмбезі *

  4. Бұғана

  5. Бұғанаасты бұлшықеті

20. Тереңдігі сатылы-омыртқалық үшбұрыштың сыртқы шекарасын қай бұлшықет құрайды?

  1. Мойынның ұзын бұлшықеті

  2. Алдыңғы сатылы бұлшықет*

  3. Ортаңғы сатылы бұлшықет

  4. Артқы сатылы бұлшықет

  5. Төс-бұғана-емізіктік бұлшықет

21. Сатылық алды саңылаудың алдыңғы қабырғасын құрайтын бұлшықетті атаңыз

  1. Мойынның ұзын бұлшықеті

  2. Алдыңғы сатылы бұлшықет

  3. Ортаңғы сатылы бұлшықет

  4. Артқы сатылы бұлшықет

  5. Төс-бұғана-емізіктік бұлшықет*





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет